Воскресенье, 01 Ноября 2026

АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ «ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ «ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін, АЭС салуды қолдау жөніндегі Іле аудандық ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ мүшелері М.Сейдалиев, Н.Түймелиев, «Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану, реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қаскелең орман шаруашылығы» коммуналдық мемлкеттік мекемесінің ұжымымен  кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.  

Басқосуда штаб мүшелері АЭС салудағы ең маңызды мәселе – еліміздің энергетикалық әлеуетін қамтамасыз ету екенін жеткізді. Сондай-ақ, олар бүгінгі күні мемлекетімізде электр қуатының тапшылығы сезіліп жатқанын тілге тиек етіп, ал электр энергиясына деген қажеттілік жылдан-жылға өспесе, кемімейтінін түсіндіріп,  ағымдағы жылдың 6 қазанында өтетін АЭС салу жөніндегі референдумда дұрыс шешім қабылдауға шақырды.  

Өз кезегінде, мекеме ұжымы Жолдауда айтқан АЭС салу бастамасын қолдайтындықтарын білдірді.

Другие новости

Будущее в надежных руках

Будущее в надежных руках

Единство народа, мир и благополучие каждой семьи -...

  01.11.2026   120
Развитие спорта среди детей с инвалидностью

Развитие спорта среди детей с инвалидностью

В Послании народу Казахстана наш Президент Касым-Ж...

  01.11.2026   115
Забота о каждом

Забота о каждом

Социальная политика любого государства измеряется...

  01.11.2026   127
Новый павильон для местных производителей

Новый павильон для местных производителей

В городе Қонаев начал работу новый торговый павиль...

  31.10.2026   162
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.