Четверг, 12 Февраля 2026

Бахыт Алтаев Қонаев қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды

Бахыт Алтаев Қонаев қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды

8 желтоқсанда өткен Қонаев қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауда №1 сайлау округінен Алтаев Бахыт Найманұлы жеңіске жетті. Ол сайлаушылардың 747 дауысын жинап, өзге үміткерлерден айқын басымдықпен озып шықты.

Сайлауда басқа кандидаттар арасынан Қалиев Қанат Қайратұлы 328 дауыс, ал Тұрлыханов Мақсат Ержанұлы 217 дауыс жинады.

Сайлаушылардың жалпы тізіміне 3295 адам енгізіліп, оның ішінде 1694 адам өз таңдауларын жасады. Бұл көрсеткіш жалпы қатысу деңгейінің 51,4%-ын құрады. Сонымен қатар, 187 сайлаушы «Барлығына қарсы» таңдауын жасады.

Алтаев Бахыт Найманұлы – тәжірибелі маман әрі қоғамға белсенді азамат. Ол 1974 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1995 жылы ішкі істер органдарында бастап, подполковник шенінде 2018 жылы зейнетке шыққан. Зейнетке шыққаннан кейін Қонаев қаласында кәсіпкерлікпен айналысып, бүгінде «Saperavi» кафесін басқарып, 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Айта кету керек, Бахыт Алтаев өзінің сайлауалды бағдарламасында тұрғын үй-коммуналдық мәселелерді шешу, денсаулық сақтау мен білім беру салаларын дамыту, жастарды қолдау және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге басымдық берді.

Ол қаланың №1 шағынауданындағы инфрақұрылымды жаңғырту, аулаларды абаттандыру, көшелерді жарықтандыру және медициналық қызмет сапасын арттыру бойынша нақты шаралар ұсынды.

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Другие новости

Время требует обновления

Время требует обновления

Как верно заметил Марат Шибутов на одном из заседа...

  12.02.2026   103
Проект готов, слово за гражданами

Проект готов, слово за гражданами

Конституционная комиссия завершила доработку Проек...

  12.02.2026   95
Выбор в пользу будущего страны

Выбор в пользу будущего страны

Президент страны Касым-Жомарт Токаев подписал указ...

  12.02.2026   109
Права и полномочия Курултая

Права и полномочия Курултая

Курултай будет вправе согласовывать назначение ряд...

  12.02.2026   90
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.