Понедельник, 10 Ноября 2025

Іле аудандық мәслихатының депутаты болып Нұрлан Байғазиев сайланды

Іле аудандық мәслихатының депутаты болып Нұрлан Байғазиев сайланды

8 желтоқсанда Іле аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.

№2 сайлау округінен Байғазиев Нұрлан Алтынбекұлы сайлаушылардың сеніміне ие болып, депутат атанды. Ол 2458 дауыс жинап, өзге үміткерлерден айқын басым түсті.

Сайлау тізіміне 8021 сайлаушы енгізіліп, оның 3649-ы дауыс беруге қатысты. Қатысу деңгейі 45,5%-ды құрады. Тынышпаева Мариям 593 дауыс, ал Нұржаубаев Сәкен 452 дауыс жинады. Сонымен қатар, 141 сайлаушы «Барлығына қарсы» таңдауын жасады.

Нұрлан Байғазиев 1977 жылы Жамбыл облысы, Ақжар ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Тамбов қаласындағы Әскери-Авиациялық Инженерлік институтын «Радиоинженер-радиотехник» мамандығы бойынша бітірді. Кейін құқықтану саласын меңгеріп, Қазақ Еңбек және Әлеуметтік қатынастар академиясында білім алды.
Нұрлан Алтынбекұлы еңбек жолын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде офицер шенінде бастаған. Кейінірек жеке секторда және заң саласында қызмет етті. Қазіргі уақытта ол Алматы облыстық адвокаттар алқасының мүшесі және «AMANAT» партиясының белсенді мүшесі.

Ол өз сайлауалды бағдарламасында Боралдай кенті мен оның айналасындағы ықшам аудандарды дамытуға бағытталған нақты жоспарлар ұсынды. Олардың ішінде:
•    Су құбыры және ауызсу тапшылығы мәселелерін шешу;
•    Көшелерді жарықтандыру, бейнебақылау камераларын орнату және жолдарды жөндеу;
•    Балаларға арналған ойын алаңдарын жаңарту;
•    Денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту, оның ішінде аурухананы күрделі жөндеуге ықпал ету;
•    «Жайнақ» ықшам ауданында 1500 орындық жаңа мектеп салуға қаражат бөлу;
•    Зейнеткерлер мен қарттарға әлеуметтік қолдау көрсету және олардың әл-ауқатын жақсарту.

Айта кету керек, Нұрлан Байғазиев өзінің сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін терең түсінеді және олардың үмітін ақтауға бар күш-жігерін салуға дайын екенін атап өтті. Оның басты мақсаты – Боралдай кенті мен оның айналасын дамытып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту.

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Другие новости

Будущее села – в женских руках

Будущее села – в женских руках

В Жамбылском районном Доме культуры села Узынагаш...

  08.11.2025   268
Казахстан, Clearbrook и AG-Tech создадут завод по производству систем хранения энергии

Казахстан, Clearbrook и AG-Tech создадут завод по производству систем хранения энергии

Министерство искусственного интеллекта и цифрового...

  08.11.2025   224
Министерство искусственного интеллекта и цифрового развития Казахстана и компания Cisco подписали Меморандум о взаимопонимании

Министерство искусственного интеллекта и цифрового развития Казахстана и компания Cisco подписали Меморандум о взаимопонимании

Министерство искусственного интеллекта и цифрового...

  08.11.2025   215
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Cisco компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Cisco компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

ҚР ЖИЦДМ, желілік технологиялар мен киберқауіпсізд...

  08.11.2025   212
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.