Четверг, 12 Февраля 2026

AMANAT: Алматы облысында 4 мың тұрғыны бар ауыл газға қосылды

AMANAT: Алматы облысында 4 мың тұрғыны бар ауыл газға қосылды

Ақтерек ауылын газдандыру жобасына 1 млрд 82 млн теңге бөлінген.

 

Жамбыл ауданында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында  4  мыңға жуық тұрғыны бар ауылға газ құбыры тартылып, іске қосылды.

 

Іс-шараға аудан әкімі Нұрлан Ертас пен «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Жакупов газ құбырының ашылу салтанатына қатысты.

 

Биыл аудандағы елді мекендерді газдандыруға бюджеттен 6,2 млрд теңге бөлінді. Соның ішінде Ақтерек ауылын газдандыруға арналған жобаның құны 1 млрд 82 млн теңгені құрайды. Жобаны жүзеге асырушы мердігер – «Компания ГазСтрой» ЖШС.

 

«Қазіргі уақытта 37 үйге газ қосылған. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасып, ауылдың қалған үйлерін де көгілдір отынмен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Оның келуі тек тұрғындардың тұрмысын жақсартып қана қоймай, ауылдағы маңызды әлеуметтік нысандардың жұмысына да оң әсер етеді. Мектептер, дәрігерлік амбулатория, балабақшалар, мешіт және шаруа қожалықтарының қызмет көрсету жағдайлары айтарлықтай жақсарады. Бұл өз кезегінде ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді», – деп атап өтті аудан әкімі Нұрлан Ертас.

 

Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының Жол картасына сәйкес 2027 жылға дейін өңірдің газдандыру деңгейін 70% жеткізу көзделуде.

 

«Ауданда шешілуі тиіс мәселелерді тұрғындармен бірлесіп талқылап, олардың ұсыныс-тілектерін жинадық. Соның бірі – елді мекендерді газдандыру мәселесі болатын. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында бүгін Ақтерек ауылына газ беріліп, тұрғындардың көптен күткен арманы орындалды. Бұл жұмыс мұнымен тоқтамайды. Алдағы уақытта басқа ауылдарға да газ құбырын тарту жоспарланып, облыстың газдандыру деңгейі 70 пайызға дейін артады», – деді Ерлан Жакупов.

 

Айта кету керек, бүгінгі таңда облыста 1,18 млн адам газға қол жеткізген.

 

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Другие новости

Права и полномочия Курултая

Права и полномочия Курултая

Курултай будет вправе согласовывать назначение ряд...

  12.02.2026   56
Человек труда

Человек труда

Для профсоюзного сообщества принципиальным являетс...

  12.02.2026   74
Быть волонтером почетно

Быть волонтером почетно

Президент нашей страны на 75-й сессии Генеральной...

  12.02.2026   69
Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды

Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды

ЖОБА  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУ...

  12.02.2026   80
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.