Воскресенье, 05 Января 2025

Жер аманаты: Алматы облысының халқы 750 мың гектардан астам жайылым жерді пайдаланып отыр

Жер аманаты: Алматы облысының халқы 750 мың гектардан астам жайылым жерді пайдаланып отыр

Өңірде 85 мың гектар жер қайтарылғанымен, аманаттықтар шенеуніктердің жұмысын қатаң сынға алды.

Алматы облысында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы «Жер аманаты» аймақтық комиссиясының кезекті отырысында айтылды.

Жиында облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Артықбай Болғанбай пайдаланылмай жатқан жерлер бойынша негізгі мәліметтерді ұсынды.

«Алматы облысында жыл басынан бері 397 мың гектар пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері анықталды. Бұл жерлердің халық игілігіне қайтарылуы – біздің басты міндетіміз. Әрбір анықталған гектар жердің жайылымға немесе егістікке қайта айналымға енгізілуі ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Қазіргі таңда қайтарылған жерлердің нақты көлемін арттыру бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізіліп жатыр», – деді Артықбай Болғанбай.

Ал Алматы облыстық жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары Болат Дүйсенов қайтарылған жерлердің нақты көлемін атап өтті.

«Жалпы 85 132 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның 82 157 гектары – жайылымдық, 1 841 гектары – егістік, ал 769 гектары – шабындық жерлер. Ал 34 мыңнан аса гектар жер сот шешімімен мәжбүрлі түрде мемлекетке қайтарылды. Бұл – үлкен жұмыс. Қайтарылған жерлердің барлығы халықтың ауыл шаруашылығы қажеттілігін өтеуге бағытталады. Жайылым тапшылығы мәселесін шешу үшін біз барлық заңнамалық тетіктерді қолданып, жұмысымызды жалғастыра береміз», – деп мәлімдеді Болат Дүйсенов.

Комиссия төрағасы Қуат Байғоджаев шенеуніктердің жұмысына қатаң сын айтты. Ол пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарының халық үшін маңыздылығын атап өтті.

«397 мың гектар пайдаланылмай жатқан жер анықталды, бірақ оның тек 85 мың гектары мемлекетке қайтарылды. Бұл – жақсы нәтиже. Бірақ әр гектар жер нақты мақсатта және тиімді пайдаланылады деген кепіл болуы керек. Жайылым тапшылығы мәселесі әлі де өзекті. Бүгінде ауыл тұрғындары мал жаю үшін 751,7 мың гектар жерді ғана пайдаланып отыр. Бұл жеткіліксіз. Сондықтан біз жерді тиімді және уақытылы қайтару жұмыстарын жалғастыруымыз керек. Немқұрайдылық пен кешігулерге жол жоқ. Әр жауапты тұлға өз жұмысын сапалы әрі уақытында орындауы тиіс. Бұл – халықтың мүддесіне қызмет ететін маңызды мәселе», – деді «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев.

Алматы облысында 2,1 миллион гектар жайылымдық жер бар болғанымен, оның тек 751,7 мың гектары ғана ауыл тұрғындарының қажеттілігін өтеп отыр. Бұл көрсеткішті арттыру үшін қайтарылған жерлерді тиімді пайдалану қажеттігі айтылды.

«Ауыл шаруашылығы жерлерінің тиімді пайдаланылуы – халықтың өмір сапасын жақсартудың негізі. Біз жайылым тапшылығын азайту үшін қайтарылған жерлерді дұрыс бөлу жұмыстарын күшейтеміз. Әрбір қайтарылған гектар жердің игерілуін бақылауға аламыз. Бұл – тек бүгіннің емес, ертеңнің де қажеттілігі», – деп қосты комиссия төрағасы.

Айта кету керек, комиссия қорытындысы бойынша, пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жұмыстарын жеделдету, халық игілігіне беру және жауапсыздық танытқан шенеуніктерге шара қолдану тапсырылды.

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Другие новости

Особое внимание – строительству и реконструкции

Особое внимание – строительству и реконструкции

С большим интересом прочитал текст интервью Презид...

  05.01.2025   90
Елка для пенсионеров

Елка для пенсионеров

Самый волшебный и долгожданный для многих праздник...

  05.01.2025   105
Молодежь — ключ к будущему

Молодежь — ключ к будущему

Казахстанцы помнят, что в прошлом году в интервью...

  05.01.2025   98
Смена часового пояса и состояние здоровья граждан

Смена часового пояса и состояние здоровья граждан

В своем интервью журналисту газеты «Ана тілі» През...

  04.01.2025   173
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.