Вторник, 31 Марта 2026

ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ-МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ КАПИТАЛЫ

ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ-МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ КАПИТАЛЫ

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бекіткен «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары» атты маңызды құжат ел дамуының идеологиялық негізін айқындайтын тарихи шешім деп санаймын. Бұл құжат – қоғамның рухани тұтастығын, азаматтық жауапкершілікті және еңбекқорлықты басты құндылық ретінде айқындайды.

Онда «Адал азамат», «Заң мен тәртіп», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Таза Қазақстан» сияқты қағидаттар айқын көрсетілген. Мен үшін, ауылдағы кәсіпкер ретінде, ең жақын және жүрекке жылы тиген ұстаным – адал еңбек пен жауапты азаматтық ұстаным туралы айтылған тұстар. Президент әр жолдауында еңбек адамының рөлін ерекше атап өтеді. Себебі елдің шынайы байлығы – табиғи ресурста емес, еңбекқор азаматтарында.

Биыл елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануы да осы құжаттағы идеялармен үндесіп тұр. Бұл бастама ауылдағы қарапайым еңбек адамдарының еңбегіне жаңа серпін береді деп сенемін. Мен ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкер ретінде осы құндылықтардың мәнін күн сайын сеземін: түйе өсіру – адалдықты, төзімділікті және еңбексүйгіштікті қажет ететін сала.

Президент бекіткен жаңа бағыттар ел ішінде еңбекке деген құрметті арттырып, ауыл еңбеккерлерінің қоғамдағы мәртебесін көтеруге жол ашады деп ойлаймын.

Біз үшін бұл құжат – тек мемлекеттік бағдарлама емес, өмірлік ұстаным. Әр азамат адал еңбегімен елге пайдасын тигізсе, Қазақстанның болашағы да берік болады.   

Сыдық Давлетов, “Дәулет - Бекет” түйе шаруашылығының басшысы.

Другие новости

Алматинская область расширяет транспортно-логистическое партнёрство с Китаем

Алматинская область расширяет транспортно-логистическое партнёрство с Китаем

В ходе рабочей поездки в Китайскую Народную Респуб...

  30.03.2026   150
Транзиттік әлеует артады: Алматы облысы мен Қытай арасындағы маңызды меморандум

Транзиттік әлеует артады: Алматы облысы мен Қытай арасындағы маңызды меморандум

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытай Ха...

  30.03.2026   148
Чистый край начинается  в твоем дворе

Чистый край начинается в твоем дворе

В рамках общенациональной экологической программы...

  30.03.2026   160
Город будущего

Город будущего

Инициатива по развитию города Алатау продолжает фо...

  30.03.2026   161
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.