Четверг, 02 Апреля 2026

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Cisco компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Cisco компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

ҚР ЖИЦДМ, желілік технологиялар мен киберқауіпсіздік саласындағы жаһандық көшбасшы Cisco компаниясы жасанды интеллект, жоғары өнімді есептеулер, цифрлық трансформация салаларындағы стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Қол қою рәсімі C5+1 форматындағы бизнес-конференция барысында өтті. Оған ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Cisco компаниясының мемлекеттік органдармен стратегия жөніндегі аға вице-президенті Джефф Кэмпбелл қатысты.

Меморандум алдағы бес жыл ішінде ЖИ инфрақұрылымын дамыту, құзыреттерді арттыру және Қазақстанның өңірлік технологиялық хаб ретіндегі позициясын нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруды көздейді.

«Бүгін қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум Cisco-ның Қазақстанмен ынтымақтастығын тереңдетіп, ЖИ негізіндегі цифрлық трансформация стратегиясын жеделдетуге мүмкіндік береді. ЖИ экожүйесінің табысты дамуы Cisco технологияларының өзегі болып саналатын сенім мен қауіпсіздікке негізделеді. Біз Қазақстанның ЖИ және инновация саласындағы мақсатын қолдауға дайынбыз, бұл елдің ұзақ мерзімді экономикалық табысына ықпал етеді»,- деді Cisco компаниясының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл стратегиясы жөніндегі аға вице-президенті Джефф Кэмпбелл.

Меморандумға қол қою екі тараптың ұзақ мерзімді серіктестікке және киберқауіпсіздік, цифрлық мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау және ұлттық ақпараттық платформаларды дамыту бағыттарында жаңа технологиялық мүмкіндіктерді бірлесе жүзеге асыруға деген ниетін растады.

«Қазақстанның озық технологияларды дамыту және енгізуге деген ұмтылысын жоғары бағалаймыз және осы ынтымақтастық аясында ұлттық маңызы бар бастамаларды әрі қарай қолдауға дайынбыз»,- деді Cisco компаниясының Түркия, Румыния және ТМД бойынша басқарушы директоры Дидем Дуру.

ҚР ЖИЦДМ баспасөз қызметі.

Другие новости

В Алматинской области в рамках акции «Таза бейсенбі» очищено 12 гектаров территории

В Алматинской области в рамках акции «Таза бейсенбі» очищено 12 гектаров территории

В селе Байдибек би Енбекшиказахского района филиал...

  02.04.2026   24
Алматы облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы байланыс нығаяды

Алматы облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы байланыс нығаяды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Шэньси п...

  02.04.2026   41
Алматинская область и Шэньси укрепляют экономический альянс

Алматинская область и Шэньси укрепляют экономический альянс

Аким Алматинской области Марат Султангазиев провёл...

  02.04.2026   25
Заседание Координационного совета в сфере социальной защиты

Заседание Координационного совета в сфере социальной защиты

В городе Конаев состоялось заседание Координационн...

  02.04.2026   80
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.