Пятница, 06 Февраля 2026

Алматы облысында сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласына арналған брифинг өтті

Алматы облысында сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласына арналған брифинг өтті

2025 жылғы 9 желтоқсанда Алматы облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысы Ж.А. Ахметовтың қатысуымен брифинг ұйымдастырылды. Кездесу барысында 2025 жылдың 11 айында атқарылған жұмыстары және 2026 жылға алға қойылған мақсаттары туралы баяндалды.

Брифинг барысында:
Баға тұрақтылығын бақылау
Сауда заңнамасының сақталуы
Сауда базарларын жаңғырту жұмыстары
Әр сенбі күні Алматы облысы бойынша жәрмеңке ұйымдастырылуы және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасының тұрақтылығы
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытындағы нәтижелер туралы нақты ақпараттар ұсынылды.

Ең бірінші әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, заңсыз сауда үстемелерін анықтау және алдын алу шаралары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, сауда саласындағы заң бұзушылықтар бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған кәсіпкерлер туралы нақты мәліметтер берілді.

Сауда базарларын жаңғырту жұмыстары, инвестиция тарту көрсеткіштері және сауда инфрақұрылымын дамыту мәселелері де назардан тыс қалмады. Облыс аумағындағы бірқатар сауда базарларында реконструкция жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылып, бұл бағыттағы жұмыстардың қатаң бақылауда екені атап өтілді.

Сонымен қатар, Алматы облысы бойынша әр сенбі күні Қонаев қаласы «Алға» нарығы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, «Шапағат» нарығы, Алатау қаласы микрорайондар бойынша:мкр.Жетіген ,мкр. Еңбек «Дарын» дүкенінің жанында,мкр. Ынтымақ, мкр. Коянкус, мкр. Жаңадәуір  «АқМаржан» дүкенінің жанында  ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді.Жәрмеңкеде ет, сүт өнімдері, жемістер мен көкеністер және басқа да азық-түліктер саудаланады. Әлеуметтік маңызы бар азық- түлік тауарларын нарық бағасынан төмен бағамен ұсынуын қадағаланатындығын жеткізді.

Сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында жасалған жұмыстар туралы баяндалып, азаматтардан түскен өтініштер саны, олардың қаралу нәтижелері және қайтарылған қаражат көлемі туралы ақпараттар жария етілді. Сапасыз тауарларды анықтау және оларды сауда айналымынан шығару бойынша нақты шаралар қабылданып жатқаны жеткізілді.

Другие новости

В городе Қонаев начнётся строительство медицинского кампуса

В городе Қонаев начнётся строительство медицинского кампуса

Об этом сообщил отдел предпринимательства городско...

  06.02.2026   89
Алматинская область в числе лидеров по объему инвестиций в АПК

Алматинская область в числе лидеров по объему инвестиций в АПК

В 2025 году Алматинская область вошла в число веду...

  06.02.2026   93
Право быть услышанным

Право быть услышанным

Конституция - это свод правил, по которым живет об...

  06.02.2026   109
Область – среди лидеров качественного роста

Область – среди лидеров качественного роста

Алматинская область вошла в первую группу лидеров...

  06.02.2026   101
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.