Понедельник, 15 Декабря 2025

9 апатты энергия көзі жөнделді, жылу желілерінің тозуы 25%-ға төмендеді: Үкіметтің бір жылғы жұмыс қорытындылары туралы

9 апатты энергия көзі жөнделді, жылу желілерінің тозуы 25%-ға төмендеді: Үкіметтің бір жылғы жұмыс қорытындылары туралы

Үкіметтің 2025 жылғы жұмысының қорытындысын шығару бойынша Astana Hub-та өткен баспасөз конференциясында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жылыту маусымын өткізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

Есепті кезеңде энергетика саласында ең маңызды нәтижелерге қол жеткізілді – инфрақұрылымның ұзақ жылдар бойы созылған тозуы тоқтатылып, активтерді ауқымды жаңарту циклі іске қосылды. «Тарифті инвестицияға айырбастау» қағидаты енгізілгеннен кейін электр стансаларын жөндеу жұмыстарына салынған капиталдық инвестициялар 20%-ға артты, бұл енгізілген принциптің тиімділігін көрсетеді.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесі сенімділіктің нақты көрсеткіштерімен бағаланады. Ұзақ жылдан бері алғаш рет ел бойынша ЖЭО (жылу электр орталықтары) жабдықтарының жалпы тозуы азайып, көрсеткіш 61%-ға жетті. Жоспарланған барлық жөндеу жұмысын орындау Кентау, Риддер және Екібастұз стансалары секілді барлығы 9 энергетикалық нысанды тәуекел аймағынан шығаруға мүмкіндік берді.

323 шақырымдық жылу желілерін қайта жаңғырту нәтижесінде тұтынушыларға тұрақты жылу жеткізу қамтамасыз етіліп, инфрақұрылымның тозуы 52%-ға төмендеді. Жылу желілеріндегі апаттық жағдайлар саны 25%-ға кеміді.

«Инфрақұрылымды қалпына келтірумен қатар жаңа қуат көздерін іске қосу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. 2025 жылы Текелі энергетикалық кешенінде газотурбиналық қондырғылар пайдалануға берілді, ал Топар МАЭС-інде (мемлекеттік аймақтық электростанса) 130 мегаватт қуаттылығы бар жаңа турбоагрегат сәтті іске қосылды. Энергетикалық жүйе сұраныстың алдын орап, рекордтық көрсеткіш сағатына 118 млрд киловатт электр энергиясын өндірді», 
— деді Ерлан Ақкенженов.

Келесі жылдан бастап Үкімет өңірлік деңгейде жылумен жабдықтау схемаларын қайта қарау бойынша жүйелі жұмысқа кіріседі. Пилоттық жобалар Жамбыл облысы мен Шымкент қаласында жүзеге аспақ.

@KZgovernment

Другие новости

Поручение Главы государства: Искусственный интеллект внедряют для диагностики теплосетей и ЛЭП

Поручение Главы государства: Искусственный интеллект внедряют для диагностики теплосетей и ЛЭП

В рамках серии итоговых пресс-конференций Правител...

  15.12.2025   56
350 тыс. человек обеспечены газом в 2025 году

350 тыс. человек обеспечены газом в 2025 году

В рамках серии итоговых пресс-конференций Правител...

  15.12.2025   53
Правительство подводит итоги года по реализации поручений Президента: ВИЭ обеспечили более 7% выработки электроэнергии в Казахстане

Правительство подводит итоги года по реализации поручений Президента: ВИЭ обеспечили более 7% выработки электроэнергии в Казахстане

Правительство в рамках исполнения поручений Главы...

  15.12.2025   49
Реализация поручений Президента:  в Казахстане запущены три новых газовых месторождения в 2025 году

Реализация поручений Президента: в Казахстане запущены три новых газовых месторождения в 2025 году

В ходе пресс-конференции по итогам работы Правител...

  15.12.2025   63
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.