Среда, 11 Марта 2026

Мемлекеттік кеңесші – Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин:

Мемлекеттік кеңесші – Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин:

Бесінші – Бір палаталы Құрылтайдың заң шығару үдерісі туралы.

Бұл мәселе де Жұмыс тобының отырыстарында жан-жақты талқыланды.  Нәтижесінде, Құрылтай жұмысына заң жобаларын үш оқылымда қарастыру форматын енгізу ұсынылды.  Алғашқы екі оқылымда заң жобасының мазмұны айқындалады. Ал үшінші оқылым заң жобасының заңнамалық тұрғыдан дұрыстығын қамтамасыз етеді.

Бұдан бөлек, заң шығару үдерісінің үздіксіз болуын қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Парламентте екінші палатаның болмауы бұған кедергі келтірмеуге тиіс. 
Сондықтан, Парламент болмаған кезде  заң шығару функциясы мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы – Президентке жүктеледі.

Жұмыс тобы осындай ұсыныс енгізді.

Алтыншы – Парламенттегі квоталар.

Бұл туралы Президент Ұлттық құрылтай отырысында егжей-тегжейлі баяндады.

Мемлекет басшысы айтқандай, «президенттік квота» деген болмайды. 
Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрылтайдың отырысында «Депутаттардың ішінде арнайы тағайындалған «таңдаулы тұлғалар» болмауы керек. Олар бәріне бірдей, ортақ тәртіппен сайлануға тиіс» деді. Мұндай қадам болашақ Құрылтайдың құрамын жасақтағанда бәріне бірдей мүмкіндік берілуін қамтамасыз етеді.

Ал әйелдерге, жастарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған партиялық квота сақталады.  Себебі бұл – Парламенттік емес, партиялық тізімдегі квота.

Мұның барлығы конституциялық заңдар деңгейінде шешілетін мәселелер.

Жетінші – Президент институтының қызметіне қатысты Құрылтайдағы дауыс кворумы туралы.  

Бұл да Жұмыс тобының отырыстарында жан-жақты талқыланды. Жұмыс тобы қазіргі Конституцияның 47-бабында қамтылған барлық рәсімдерді болашақ Құрылтай моделінде қалдыруға болады деген байламға келді.  Бұл – тепе-теңдік тежемелік механизмдерін сақтауға мүмкіндік беретін қадам.
Сондықтан, қазіргі конституциялық рәсімдер мен дауыс берудің ара қатынасын Құрылтай моделіне бейімдей отырып сақтап қалу ұсынылды.

Сегізінші – Негізгі мемлекеттік органдардың құрамын жасақтау ісіндегі Құрылтайдың құзыреті туралы.  

Жұмыс тобының бұған қатысты ұсыныстарын Мемлекет басшысы Қызылордадағы Құрылтайда айтып өтті.  

Бір палаталы Парламент үлгісіне көшуге байланысты заң шығарушы органның рөлін күшейту кезінде тежемелік тепе-теңдік жүйесін қамтамасыз ету өте маңызды.

Қазіргі Конституцияға сәйкес, Конституциялық соттың, Жоғары аудиторлық палатаның және Орталық сайлау комиссиясының құрамын жасақтау құзыреті Мәжіліс, Сенат және Президент арасында теңдей бөлінген.

Енді осы маңызды мемлекеттік құрылымдардың барлық мүшесі Құрылтайдың келісімімен ғана тағайындалуы қажет деген ұсыныс айтылды.  

Бұған қоса Президенттің ұсынысы бойынша Жоғары соттың барлық судьяларын сайлау құзыретін жоғары өкілді орган депутаттарына беру ұсынылды.

Сонда Құрылтай конституциялық органдарды қалыптастыратын беделді институтқа айналады.

Бұл – билік тармақтары арасындағы тежемелік тепе-теңдік жүйесін нығайту және ұлттық парламентаризмді дамыту жолындағы маңызды қадам. 
Осылайша, Жұмыс тобы Сенаттың ерекше қарауына кіретін өкілеттіктерді қайта қарады.

Ал, Мәжілістің өкілеттіктерін Құрылтайға беру ұсынылды.  Мұндай тәсіл «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасымен толық үндеседі.

Другие новости

Жители области Ұлытау высказались в поддержку проекта новой Конституции на встрече с членами Общенациональной коалиции

Жители области Ұлытау высказались в поддержку проекта новой Конституции на встрече с членами Общенациональной коалиции

В Жезказгане, на площадке Казахского музыкально-др...

  10.03.2026   135
Аида Балаева: Автор Конституции – весь народ, а значит, у нас общая ответственность

Аида Балаева: Автор Конституции – весь народ, а значит, у нас общая ответственность

В рамках поездки членов Общенациональной коалиции...

  10.03.2026   113
Аида Балаева: Конституцияның авторы – бүкіл халық, демек, жауапкершілік те бәрімізге ортақ

Аида Балаева: Конституцияның авторы – бүкіл халық, демек, жауапкершілік те бәрімізге ортақ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  10.03.2026   119
Завершена аккредитация международных наблюдателей к референдуму: 359 наблюдателей из 38 стран и 11 международных организаций будут наблюдать за референдумом

Завершена аккредитация международных наблюдателей к референдуму: 359 наблюдателей из 38 стран и 11 международных организаций будут наблюдать за референдумом

В Казахстане продолжается системная подготовка к р...

  10.03.2026   121
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.