Среда, 24 Июня 2026

Қазақстан Конституциясы Преамбуласының жаңартылуы – құқықтық және идеологиялық жаңғырудың маңызды қадамы

Қазақстан Конституциясы Преамбуласының жаңартылуы – құқықтық және идеологиялық жаңғырудың маңызды қадамы

Қазақстан Конституциясы Преамбуласының жаңартылуы – мемлекеттің құқықтық дамуы мен идеологиялық ұстанымдарын заман талабына сай жаңғыртуға бағытталған маңызды әрі уақтылы қадам. Преамбула – ел дамуының стратегиялық бағытын, қоғам өмірінің басты құндылықтарын айқындайтын іргелі негіз болғандықтан, оның мазмұнын жетілдіру қоғам сұранысынан туындаған заңды үрдіс.

Жаңа редакцияда Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретіндегі қағидаттары бұрынғыдан да айқын әрі мазмұнды көрініс табады. Адам және оның құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылық ретінде бекіту – құқық үстемдігін нығайтып қана қоймай, мемлекеттік саясаттың адам игілігіне бағытталғанын нақтылай түседі. Бұл өз кезегінде азамат пен мемлекет арасындағы өзара сенім мен жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.

Преамбулада билікті бөлу қағидатының, мемлекет пен дін арасындағы өзара қатынастың, сондай-ақ қоғамдық институттардың рөлінің нақтылануы қоғамдық тұрақтылық пен келісімді сақтауға бағытталған маңызды ұстаным болып табылады. Тарихи сабақтастық пен ұлттық құндылықтардың көрініс табуы қоғамды ортақ мақсаттар төңірегінде біріктіріп, елдің бірегейлігін нығайтуға қызмет етеді.

Тұтастай алғанда, Конституция Преамбуласына енгізіліп отырған жаңашылдықтар құқықтық мәдениетті арттыруға, қоғамдық сананы жаңғыртуға және елдің ұзақ мерзімді дамуына берік негіз қалыптастыруға бағытталған оң өзгеріс ретінде бағаланады.

Қоғамдық пікір көшбасшысы 
Жансерік Нұрманбай

Другие новости

МВД РК ПРЕДУПРЕЖДАЕТ!

МВД РК ПРЕДУПРЕЖДАЕТ!

Уважаемые родители!Не позволяйте преступникам обма...

  24.06.2026   89
ҚР ІІМ ЕСКЕРТЕДІ!

ҚР ІІМ ЕСКЕРТЕДІ!

Құрметті ата-аналар!Қылмыскерлердің балаларыңызды...

  24.06.2026   90
Признание за добросовестный труд

Признание за добросовестный труд

Когда строится новая школа, ремонтируется дорога и...

  23.06.2026   241
В Алматинской области пройдет фестиваль «Қымызмұрындық-2026»

В Алматинской области пройдет фестиваль «Қымызмұрындық-2026»

27 июня в Кегенском районе Алматинской области, на...

  23.06.2026   167
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.