Пятница, 03 Апреля 2026

Жаңа Конституция – ел болашағына бастайтын тарихи таңдау

Жаңа Конституция – ел болашағына бастайтын тарихи таңдау

Жаңа жылдың алғашқы айлары еліміз үшін тағдырлы шешімдерге толы кезеңмен ерекшеленді. Солардың ішіндегі ең маңыздысы – арнайы Конституциялық комиссия әзірлеп, бүкілхалықтық талқылауға ұсынған жаңа Конституция жобасы. Бұл құжат – уақыт талабынан туған, ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатын тарихи бастама.
Бүгінгі таңда Конституция жобасын өңірлерде ашық әрі кеңінен түсіндіру аса өзекті. Себебі бұл құжат қоғамдағы саяси және экономикалық өзгерістердің заңды көрінісі ғана емес, Қазақстанның алдағы дамуының айқын бағдары. Онда мемлекеттің стратегиялық мақсаттары мен ұлттық мүдделері жүйелі түрде тоғысқан.
Аталған жоба – болашаққа бағытталған, мазмұны терең әрі мағынасы кемел құжат. Мұнда адам капиталы басты құндылық ретінде айқындалып, мемлекет дамуының өзегі ретінде қарастырылады. Бұл – азаматтың әлеуетін арттыруды, қоғамның зияткерлік және рухани қуатын күшейтуді көздейтін тың көзқарас.
Өңірлерде конституциялық реформаны қолдау кең ауқымда жүріп жатыр. Себебі құжатта мемлекеттің басты басымдығы ретінде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау нақты бекітілген. Сонымен қатар, ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық келісім ел дамуының негізгі тірегі ретінде айқындалған. 
Мен үшін аса маңыздысы – жаңа Конституция жобасында орнықты даму қағидаттарына ерекше мән берілуі. Бұл – Қазақстан халқының ел үшін ең басты стратегиялық ресурс екенін мойындау. Әрбір азаматтың әлеуеті, еңбегі мен жауапкершілігі мемлекет болашағының берік негізі екені осы құжатта анық көрініс тапқан.
Жаңа Конституция – бүгінгі күннің талабы ғана емес, ертеңгі ұрпақ алдындағы аманат. Ол әділетті қоғам құруға, тұрақты мемлекет қалыптастыруға және Қазақстанның кемел болашағын бірге айқындауға бағытталған тарихи құжат.

РАХСЫЛЬХАН АЛМАС МЕДЕТХАНҰЛЫ ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

Другие новости

В Алматинской области в рамках акции «Таза бейсенбі» очищено 12 гектаров территории

В Алматинской области в рамках акции «Таза бейсенбі» очищено 12 гектаров территории

В селе Байдибек би Енбекшиказахского района филиал...

  02.04.2026   143
Алматы облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы байланыс нығаяды

Алматы облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы байланыс нығаяды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Шэньси п...

  02.04.2026   137
Алматинская область и Шэньси укрепляют экономический альянс

Алматинская область и Шэньси укрепляют экономический альянс

Аким Алматинской области Марат Султангазиев провёл...

  02.04.2026   109
Заседание Координационного совета в сфере социальной защиты

Заседание Координационного совета в сфере социальной защиты

В городе Конаев состоялось заседание Координационн...

  02.04.2026   128
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.