Четверг, 05 Февраля 2026

Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында «Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасына әйел азаматтардың көзқарасы: құқық, теңдік, қатысу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Конституциялық комиссия мүшелері, азаматтық қоғам өкілдері, бастауыш партия ұйымдарының белсенділері және партияның өңірлердегі Әйелдер қанатының мүшелері қатысты.
AMANAT» партиясының Хатшысы, Әйелдер қанатының төрағасы Шолпан Каринова модераторлық еткен дөңгелек үстелде жаңа Конституция жобасының әйелдер үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл құжат әйелдердің қоғамдық өмірге араласуы, кәсіби дамуы мен саяси белсенділігіне тікелей ықпал етеді.
«Жаңа Конституция тек заңгерлерге немесе саясаткерлерге арналған құжат емес. Бұл - әр азаматтың, әр қазақстандықтың, әсіресе әр әйелдің күнделікті өміріне тікелей әсер ететін негізгі қоғамдық келісім. Конституция азаматтардың білім алуға, еңбек етуге, басқаруға, шешім қабылдауға және денсаулық сақтау жүйесіне қатысуына тең мүмкіндік береді. Біз Конституция жобасын әйелдік тәжірибе, жауапкершілік және азаматтық ұстаным тұрғысынан қарастырамыз. Себебі әйелдердің қатысуынсыз әділетті қоғам құру мүмкін емес, ал әділетті қоғам Конституциядан басталады», – деді Шолпан Каринова.
Талқылау барысында Конституция жобасында тең мүмкіндіктер қағидаттары бекітіліп, азаматтық қатысу тетіктері күшейтілгені, отбасыны, ананы және баланы қорғау көзделгені, сондай-ақ цифрлық дәуірдің сын-қатерлеріне, оның ішінде дербес деректерді қорғау мен жеке өмірге қолсұқпаушылық мәселелеріне жауап беретін нормалар қамтылғаны айтылды.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Үнзила Шапақ жаңа Конституция жобасының құрылымы мен негізгі жаңашылдықтарына жан-жақты тоқталып, преамбуланың жаңартылуын, мемлекет қызметінің іргелі қағидаттарының бекітілуін, сондай-ақ құжаттың халықаралық стандарттарға сәйкестігін атап өтті. Сонымен қатар конституциялық процестің ашық әрі инклюзивті сипатына және Конституциялық комиссия жұмысына әйелдердің белсенді қатысуына ерекше назар аударды.
«Конституциялық комиссияның жұмысында әйелдердің үні толыққанды әрі мазмұнды естілуде. Оның құрамында «AMANAT» партиясының Әйелдер қанатынан үш өкіл жұмыс істеп, нақты әрі салмақты ұсыныстар енгізіп отыр. Конституция жобасында неке әйел мен ер адамның ерікті әрі тең құқылы одағы ретінде айқындалған, оның негізінде тараптардың еркіндігі мен теңдігі жатыр. Конституцияның әрбір нормасы бүкіл заңнама жүйесіне тигізетін ықпалын ескере отырып қарастырылуда», – деді Үнзила Шапақ.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Вера Ким жаңа Конституция жобасы бойынша жұмыс бірнеше ай бойы жүргізіліп жатқанын және кең қоғамдық талқылауға негізделгенін атап өтті. Ол қоғамдық қатысудың жаңа институттарын қалыптастыруға және мемлекет пен қоғам арасындағы тұрақты диалог моделіне көшуге ерекше мән берді.
«Жаңа Конституция жобасы жабық форматта емес, қоғаммен ашық диалог негізінде әзірленуде. Осы уақыт ішінде шамамен төрт мыңға жуық ұсыныс келіп түсті және оларды талқылау жалғасып жатыр. Жобада жаңа конституциялық институт – Халық кеңесі енгізілуде. Ол қоғамның стратегиялық шешімдерді талқылауға қатысуының жалпыұлттық арнасына айналады. Бұл – мемлекет пен қоғам бірлесіп ел дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын жаңа модельге көшу», – деді Вера Ким.
Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева өз сөзінде цифрландыру жағдайындағы адам құқықтары мен конституциялық кепілдіктер мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасында алғаш рет цифрлық технологияларды пайдалана отырып, дербес деректерді қорғау және хат алмасу құпиялылығы құқығы бекітіліп отыр.
Жаңа Конституция жобасын талқылау барысында жекеменшік білім беру ұйымдары қауымдастығының төрағасы, адвокат Динара Құдайқұлова адвокатураның ерекше мәртебесін Конституциялық деңгейде бекітуді көздейтін 86-бапқа назар аударды. Оның сөзінше, жаңа нормалар әділ сот жүйесіндегі адвокаттардың рөлін күшейтіп, салалық заңнаманың сапасын арттырып, азаматтардың құқықтарын сот арқылы қорғау кепілдіктерін нығайтады.
«AMANAT» партиясының Маңғыстау облысы бойынша Әйелдер қанатының жетекшісі, облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссия төрағасы Пания Сармұрзина жаңа Конституция жобасы жергілікті өзін-өзі басқаруды кеңейтуге, басқару ашықтығын арттыруға құқықтық негіз қалыптастыратынын атап өтті. Сонымен қатар ол өңірде жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларға, сондай-ақ әйелдер мен отбасыларды қолдауға бағытталған партияның Әйелдер қанатының бастамаларына назар аударды.
Шолпан Каринова қорытындылай келе, негізгі заң жобасы кең қоғамдық диалог аясында қалыптасып, азаматтардың нақты сұраныстарын ескеретінін атап өтті. «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты алаңында өткен талқылау әйелдер, балалар және отбасы құқықтарын қорғау тұрғысынан ұсынылған өзгерістерді қарастыруға мүмкіндік берді. Кездесу қорытындысы бойынша партияның Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын қолдайтынын білдіріп, өңірлерде түсіндіру жұмыстарын жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Другие новости

Необходимо четко обозначить в Конституции роль Национального банка – Нуртай Сабильянов

Необходимо четко обозначить в Конституции роль Национального банка – Нуртай Сабильянов

Национальная валюта должна быть защищена на консти...

  05.02.2026   53
Ұлттық Банктің рөлін Конституцияда нақты көрсету қажет – Нұртай Сабильянов

Ұлттық Банктің рөлін Конституцияда нақты көрсету қажет – Нұртай Сабильянов

Ұлттық валюта Конституцияда қорғалуға тиіс. Бұл ту...

  05.02.2026   67
Жаңа Конституция – қоғам дамуының заңды талабы

Жаңа Конституция – қоғам дамуының заңды талабы

Қазақстан қоғамы жаңа Конституцияның жобасын талқы...

  05.02.2026   63
Белгілі заңгер зиянды өтеу құқығын тікелей Конституцияда бекіту туралы ұсынысты қолдады

Белгілі заңгер зиянды өтеу құқығын тікелей Конституцияда бекіту туралы ұсынысты қолдады

Конституциялық комиссияның VIII отырысында Қазақст...

  05.02.2026   72
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.