Четверг, 05 Февраля 2026

Жаңа Конституция – қоғам дамуының заңды талабы

Жаңа Конституция – қоғам дамуының заңды талабы

Қазақстан қоғамы жаңа Конституцияның жобасын талқылауда. Бұл үдерісте Қазақстан Халық партиясы белсенділік танытуда. Партияның өңірлік филиалдары жүргізіліп жатқан реформаны кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысымен қамтамасыз етті.

Балқаш қаласындағы Р. Қошқарбаев атындағы техникалық колледжде конституциялық өзгеріске қатысты мазмұнды кездесу өтті. Оған ҚХП Балқаш қалалық филиалының жетекшісі Қаныш Ысқақ, қалалық мәслихат депутаты Александра Аглюкова және Отбасын қолдау орталығының директоры, ҚХП Әйелдер қанатының төрағасы Әйгерім Каримова қатысты. Олар оқытушылар мен студенттерге ұсынылып отырған өзгерістер жайлы баяндап, өздеріне қойылған сұрақтарға жауап берді.

– Мұндай ашық диалогтар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтық белсенділікті нығайтуға негіз болады, – деді партия мүшелері.

Сонымен қатар филиал Конституцияға енгізілетін өзгерістерді талқылауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оған түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары, сондай-ақ Саяси кеңестің, облыстық Қоғамдық кеңестің, Ақсақалдар кеңесінің өкілдері, ҚХП Әйелдер және Жастар қанатының мүшелері, партия белсенділері және БАҚ қатысты. Қатысушылар құқық саласының сарапшыларымен бірлесіп, Ата заң жобасына 6 түзету ұсынды және оны Конституциялық комиссияға жолдау туралы шешім қабылдады.

ҚХП Павлодар облыстық филиалы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу үшін өңірлік активпен кездесті. Ашық диалог форматында өткен талқылауда конституциялық өзгерістердің мәніне, партияның ұстанымына және реформаны іске асырудағы қоғамдық-саяси институттардың рөліне ерекше назар аударылды.

ҚХП Павлодар облыстық филиалы төрағасының м.а. Әлімбек Ағыбаев партия жаңа Конституцияның жобасын қолдайтынын және оны саяси реформалардың логикалық жалғасы деп қабылдайтынын атап өтті.

– Жаңа Конституция жобасы жабық шешімдердің нәтижесі емес, – деді Ә. Ағыбаев. – Бұл ауқымды жалпыұлттық талқылаудың қорытындысы және қоғамның әділ әрі теңгерімді саяси жүйеге деген сұранысының көрсеткіші.

Филиал төрағасының орынбасары Александр Пысин партия ішіндегі түсіндіру жұмыстың мәніне тоқталды.

– Біздің міндетіміз тек реформаны қолдау емес, оны халыққа жеткізу, – деді ол. – Конституциядағы өзгерістер әр азаматтың өміріне қалай әсер ететінін қарапайым әрі түсінікті тілмен айтуымыз керек.

Железин аудандық мәслихатының депутаты Евгений Миронов та өз ұстанымымен бөлісті:

– Маңыздысы – талқылау формальды емес, нақты жүріп жатыр. Партия активі процеске қатысады, сұрақ қояды, пікір білдіреді, – деді депутат. – Қазақстанның жаңа Конституциясы дәл осылай – қоғаммен диалог арқылы және оның қатысуымен қалыптасуы керек.

ҚХП Атырау облыстық филиалы да жаңа Конституцияның жобасын талқы таразысына салды. Филиал төрағасы Балжан Досмұхамбетова қатысушыларға жобаның негізгі тұжырымдары мен ұсынылып отырған нормаларын халыққа түсінікті тілмен түсіндіру маңызды екенін жеткізді.

Другие новости

Необходимо четко обозначить в Конституции роль Национального банка – Нуртай Сабильянов

Необходимо четко обозначить в Конституции роль Национального банка – Нуртай Сабильянов

Национальная валюта должна быть защищена на консти...

  05.02.2026   70
Ұлттық Банктің рөлін Конституцияда нақты көрсету қажет – Нұртай Сабильянов

Ұлттық Банктің рөлін Конституцияда нақты көрсету қажет – Нұртай Сабильянов

Ұлттық валюта Конституцияда қорғалуға тиіс. Бұл ту...

  05.02.2026   86
Жаңа Конституция – қоғам дамуының заңды талабы

Жаңа Конституция – қоғам дамуының заңды талабы

Қазақстан қоғамы жаңа Конституцияның жобасын талқы...

  05.02.2026   80
Белгілі заңгер зиянды өтеу құқығын тікелей Конституцияда бекіту туралы ұсынысты қолдады

Белгілі заңгер зиянды өтеу құқығын тікелей Конституцияда бекіту туралы ұсынысты қолдады

Конституциялық комиссияның VIII отырысында Қазақст...

  05.02.2026   84
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.