Суббота, 07 Февраля 2026

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ жетекшісі Вера Ким Қазақстанда конституциялық деңгейде волонтерлікті ынталандыруды бекіту қажет деген бастама көтерді.
    Вера Ким Мемлекет басшысының еріктілер қозғалысына тұрақты түрде қолдау көрсететінін еске салды. Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында ауқымды көлемде өткен Еріктілер форумы осының жарқын дәлелі болды. 
«Жаңа Конституция жобасына ұсыныстар жинау жарияланған сәттен бастап маған волонтерлік ұйымдар мен еріктілердің өздерінен 31-баптың 2-тармағын «волонтерлік» деген сөзбен толықтыру туралы өтініштер бірнеше рет келіп түсті. Осыған байланысты Қазақстанда әлеуметтік қамсыздандыру мен қайырымдылықты құруды көтермелеумен қатар волонтерлікті ынталандыруды бекітуді ұсынамын», - деді ол.
Оның айтуынша, бұл бапта әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етудегі мемлекет ынталандыратын қоғамның қатысу нысандары келтірілген. Атап айтқанда, онда сақтандыру мен қайырымдылық көрсетілген, бірақ басқа маңызды нысан – азаматтардың жеке өтеусіз еңбегі көрсетілмеген. 
«Еріктілер төтенше жағдайлар кезінде, ауруханаларда көмектеседі, әлеуметтік салада қарттарды, балаларды, мүгедек адамдарды, қиын жағдайда отбасыларды қолдайды. Бұл бүкіл ел бойынша жұмыс істеп жатқан әлеуметтік қолдау жүйесінің маңызды  бөлігі» - деді Вера Ким.
Депутат «волонтерлік» сөзі норманы логикалық түрде толықтыратынын, өйткені бұл жағдайда мемлекет тек ресурстар мен тетіктерді ғана емес, азаматтардың да қатысуын ынталандыратынын атап көрсетті. 
«Мен бұл бастаманы бүкіл еріктілер қозғалысының атынан көтеремін», - деді ол. 
Сондай-ақ Вера Ким сауалнамаларға сәйкес әрбір сегізінші қазақстандықтың волонтерлік тәжірибесі бар екендігін көрсететін деректерге тоқталды. Ресми мәліметтер бойынша, еріктілікке 300 мыңға жуық адам тартылған, 800-ден астам ұйым мен 3,5 мың бастамашыл топ жұмыс істейді. 
«Біз үшін бұл жай ғана қызмет емес – бұл біздің қоғамның тұрақтылығы мен әл-ауқатына қосқан үлесіміз», - деді депутат. 
Сонымен қатар ол қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы еріктілердің ерекше рөлін атап өтті.
Вера Кимнің айтуынша, олар өздерінің нақты әрекеттерімен табиғатқа және қоршаған ортаға деген жауапкершілікке ұқыпты қараудың үлгісін көрсетеді. Аумақтарды тазарту, ағаш отырғызу, табиғи нысандарды сақтау және экологиялық білім беру бойынша еріктілер бастамалары арқылы табиғат құндылығы туралы практикалық түсінік қалыптасады. 
«Көптеген адамдар үшін мұндай жобаларға қатысу саналы экологиялық тәртіпке деген алғашқы қадам, ал жастар үшін азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық игілікке құрметпен қараудың маңызды мектебі болып табылады», – деп атап өтті ол. 
Вера Ким жаңа Конституция жобасында жоғары экологиялық мәдениеттің мемлекеттің іргелі қағидаты ретінде орнығуы қоғамдық қозғалысқа жүйелі және ұзақ мерзімді сипат беретінін атап өтті.
Нәтижесінде қоршаған ортаға қамқорлық бір реттік акцияға емес, білім беру, құқықтық реттеу және қоғамдық бастамалар арқылы қолдау көрсетілетін мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағытына айналады. 
«Азаматтар үшін бұл таза және қауіпсіз өмір сүру ортасы, денсаулықты қорғау және табиғи ресурстарды сақтаудан көрінеді. Волонтерлердің белсенділігі мен экологиялық мәдениетті конституциялық тұрғыда тану тұтастай алғанда әр адам елдің табиғаты мен болашағын сақтаудың қатысушысы болатын дамудың тұрақты моделін қалыптастырады», – деп түйіндеді ол.

Другие новости

Руководитель Национальной сети волонтерства предложила закрепить поощрение волонтерства в новой Конституции

Руководитель Национальной сети волонтерства предложила закрепить поощрение волонтерства в новой Конституции

В Казахстане необходимо на конституционном уровне...

  07.02.2026   102
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғыз...

  07.02.2026   104
Қазақстан азаматтары қос немесе көп азаматтық ала алмайды: жаңа Конституцияның жобасына нақтылау енгізілді

Қазақстан азаматтары қос немесе көп азаматтық ала алмайды: жаңа Конституцияның жобасына нақтылау енгізілді

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұ...

  07.02.2026   94
Казахстанцы не могут иметь двойного или множественного гражданства - в проект новой Конституции внесли уточнение

Казахстанцы не могут иметь двойного или множественного гражданства - в проект новой Конституции внесли уточнение

На очередном заседании Конституционной комиссии за...

  07.02.2026   101
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.