Среда, 30 Сентября 2026

Құқық – заңға айналған халық еркі

Құқық – заңға айналған халық еркі

Қазақстан алдағы конституциялық реформалар кезеңіне қадам басты. Бұл – жай ғана құқықтық өзгеріс емес, бұл – ел дамуының жаңа бағытын айқындайтын маңызды тарихи сәт. Әрбір азамат үшін өз ұстанымын білдіріп, ортақ болашаққа үлес қосатын мүмкіндік.
Ұсынылып отырған жаңа редакцияда адам құқықтарының мәні айқын әрі нақты көрсетілген:
«Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге туғанынан тиесілі, олар абсолютті және ажыратылмайды, ал Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының мазмұны мен қолданылуы осы құқықтар мен бостандықтарға сәйкес айқындалады».
Бұл норма адам құқықтарын мемлекеттік саясаттың және бүкіл құқықтық жүйенің негізі ретінде бекітеді. Яғни, заңдар мен шешімдер ең алдымен азаматтың қадір-қасиеті мен бостандығын қорғауға бағытталуы тиіс.
Сонымен қатар, Конституцияның 14-бабына енгізілген өзгерістер азаматтықтың мемлекет пен адам арасындағы берік құқықтық байланысты білдіретінін нақтылайды. Қазақстан Республикасының азаматтары Конституцияда көзделген құқықтар мен міндеттердің толық көлеміне ие және заң алдында тең.
Жаңартылған редакцияда тағы бір маңызды қағида айқын көрсетілген: әркімнің құқығы мен бостандығын жүзеге асыруы өзге адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, конституциялық құрылыс негіздеріне, қоғамдық тәртіпке, азаматтардың денсаулығына және қоғамның гуманистік құндылықтарына нұқсан келтірмеуі тиіс.
Осылайша, қоғамдағы әділ тепе-теңдік бекітіледі. Конституция құқықтарды кепілдендіріп қана қоймай, жауапкершілік шегін де айқындайды.
Бүгінгі реформа – қоғамымыздың кемелдігін көрсететін кезең. Біз тек бақылаушы емес, белсенді қатысушы болуымыз керек. Өз ойымызды білдіру, ұсыныс айту, ел болашағына қатысты шешімдерге бейжай қарамау – бұл азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
Құқық шын мәнінде халық еркіне айналуы үшін әрқайсымыз белсенділік танытуымыз қажет. Өйткені Конституция – мемлекеттің ғана емес, бүкіл халықтың ортақ құжаты.

Сапаргалиева Шынаргул Аскарбековна - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалаи бөлімінің бас маманы

Другие новости

В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

29 сентября в Астане начала работу конференция C5+...

  29.09.2026   136
В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

Астана, 28 сентября 2026 года — В столице состояло...

  29.09.2026   126
Удивили и разнообразием, и качеством

Удивили и разнообразием, и качеством

Аграрии Алматинской области представили на ярмарке...

  28.09.2026   178
Высокий темп  строительства жилья

Высокий темп строительства жилья

В Алматинской области на обеспечение жильем семей,...

  28.09.2026   173
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.