Вторник, 02 Июня 2026

Жаңа Конституция жалпыхалықтық референдумға шығаруға дайын – Айдос Сарым

Жаңа Конституция жалпыхалықтық референдумға шығаруға дайын – Айдос Сарым

Жаңа Конституция жобасы – сарапшылар мен қоғам өкілдерінің ұзақ әрі тиянақты еңбегінің нәтижесінде әзірленген бірегей тарихи құжат. Ол жалпыхалықтық референдумға шығаруға толық дайын. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында мәлімдеді.
Айдос Сарымның айтуынша, жаңа Конституцияны дайындау барысында бірқатар маңызды серпінді қадамдар жасалды.
«Бірлесе және үйлесімді атқарылған жұмыстың арқасында қажетті құқықтық нормалар мен тұжырымдарды таба алдық. Олар жуырда азаматтарымыздың өмірін оң бағытта өзгертіп, мемлекетіміз бен қоғамымыздың жаңа келбетін қалыптастыруға ықпал етеді», – деді депутат.
Оның сөзінше, жаңа Ата заңның жобасы Қазақстанның тарихи даму жолын жан-жақты ескеріп, мемлекеттіліктің сабақтастығын айқындайды.
«Тарихшы әрі мұрағатшы ретінде мұндай ұстаным мен үшін айрықша құнды. Біз жаңа тағдырдың, ортақ болашақтың Конституциясын жасадық деп шынайы сеніммен айта аламын», – деді Айдос Сарым.
Сондай-ақ, ол құжатта ұлттық қауіпсіздік, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтау, Қазақстан шекарасының мызғымастығын қамтамасыз ету мәселелері толық қамтылғанын атап өтті.
Бұдан бөлек, Қазақстан өз Конституциясында алғаш рет ғылым, білім, мәдениет және инновация салаларының басымдығын айқындап отыр.
«Біз әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі болып азаматтардың цифрлық құқықтарын Ата заң деңгейінде бекітіп отырмыз. Дәл осы салаларда мемлекеттер арасындағы басты бәсекелестік жүреді. Біз ашық, адал әрі өркениетті бәсекеге дайынбыз», – деді депутат.
Сонымен қатар, оның айтуынша, Конституция жобасында «Заң мен Тәртіп» қағидаттары ұлттық басымдық ретінде айқындалып, қазақстандықтардың ел табиғатының тағдырына ортақ экологиялық жауапкершілігі бекітілген.
«Біздің Конституция жобамыз – бұл еркіндік, тәртіп, заңдылық және өзара жауапкершілік Конституциясы», – деді Айдос Сарым.
Сөз соңында ол жаңа Конституцияны әзірлеу барысында ауқымды әрі мұқият жұмыс жүргізілгенін атап өтті.
«Қазіргі нұсқада оны Президентке ұсынып, жалпыхалықтық референдумға шығаруға әбден болады деп сенемін. Біз республикалық штаб құрып, еліміздің барлық өңіріне барып, әрбір азаматпен ашық әрі сенімді диалог жүргізуге дайынбыз», – деп түйіндеді депутат.

Другие новости

Признательность за вклад в развитие Алматинской области

Признательность за вклад в развитие Алматинской области

Глава государства Касым-Жомарт Токаев на встрече с...

  02.06.2026   97
Алматинская область выбирает путь чистоты

Алматинская область выбирает путь чистоты

Выступление Президента страны Касым-Жомарта Токаев...

  02.06.2026   121
Алматинская область – территория больших проектов

Алматинская область – территория больших проектов

В своем выступлении по поводу развития города Алат...

  02.06.2026   119
Регион больших возможностей

Регион больших возможностей

Такую оценку дал Глава государства во время посеще...

  02.06.2026   104
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.