Понедельник, 30 Марта 2026

Тарихи таңдау алдындағы қоғам: референдум – халық билігінің көрінісі

Тарихи таңдау алдындағы қоғам: референдум – халық билігінің көрінісі

2026 жылғы 11 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 11 ақпандағы Жарлығы еліміздің саяси өміріндегі жаңа кезеңнің басталғанын айқындады. 15 наурызға белгіленген республикалық референдум – жай ғана саяси рәсім емес, ол мемлекеттің одан арғы даму бағытын айқындайтын тарихи белес.

Конституция – мемлекеттің іргетасы. Ол тек құқықтық нормалардың жиынтығы емес, елдің идеологиялық, әлеуметтік және саяси даму бағдарының айнасы. Қоғам өзгерген сайын, экономикалық және әлеуметтік қатынастар жаңарған сайын Ата Заң да заман талабына сай жетілдірілуі тиіс. Бұл – тұрақты дамудың табиғи шарты.

Президенттің референдум тағайындауы – реформалардың легитимділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Себебі халықтың тікелей еркімен қабылданған шешім – ең жоғары демократиялық мандатқа ие. Бұл мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтады.

Қоғамдық пікір көшбасшыларының пайымдауынша, конституциялық өзгерістер билік тармақтарының үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктері нақтылауға бағытталған.

Референдум – ортақ жауапкершіліктің көрінісі. Әрбір дауыс – ел болашағына қосылған үлес. Сондықтан 15 наурыз – жай күнтізбелік дата емес, бұл – мемлекет тағдырына ықпал ететін шешуші сәт.

Алатау қаласы Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы
Молдабаев Канат

Другие новости

Алматинская область расширяет транспортно-логистическое партнёрство с Китаем

Алматинская область расширяет транспортно-логистическое партнёрство с Китаем

В ходе рабочей поездки в Китайскую Народную Респуб...

  30.03.2026   103
Транзиттік әлеует артады: Алматы облысы мен Қытай арасындағы маңызды меморандум

Транзиттік әлеует артады: Алматы облысы мен Қытай арасындағы маңызды меморандум

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытай Ха...

  30.03.2026   100
Чистый край начинается  в твоем дворе

Чистый край начинается в твоем дворе

В рамках общенациональной экологической программы...

  30.03.2026   113
Город будущего

Город будущего

Инициатива по развитию города Алатау продолжает фо...

  30.03.2026   115
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.