Среда, 30 Сентября 2026

ІЛЕ АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТТІ ЖӘНЕ ПРОГРЕССИВТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯСЫ ҮШІН» КОАЛИЦИЯСЫ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН АТА ЗАҢЫМЫЗДЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ІЛЕ АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТТІ ЖӘНЕ ПРОГРЕССИВТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯСЫ ҮШІН» КОАЛИЦИЯСЫ МҮШЕЛЕРІ  МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН АТА ЗАҢЫМЫЗДЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен енгізілетін өзгерістерін түсіндіру мақсатында арнайы кездесу өтті. Іс-шара барысында «AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалының атқарушы хатшысы Алмасбек Сатибаев, Алматы облыстық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Орынбасаров, «Ащыбұлақ» БПҰ – ның төрағасы Гамзе Гейдаров жаңа жобадағы өзекті мәселелерге кеңінен тоқталды.

Кездесу барысында Конституция жобасының басты мақсаты – халықтың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту, әлеуметтік әділеттілікті нығайту және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру екені айтылды. Әсіресе денсаулық сақтау саласына қатысты нормаларға ерекше назар аударылып, азаматтардың сапалы медициналық көмек алуға деген құқығын заңнамалық тұрғыда күшейту көзделіп отырғаны атап өтілді.

Алмасбек Сатибаев  өз сөзінде жаңа өзгерістер қоғамның барлық саласына оң әсер ететінін, ал медицина қызметкерлері үшін еңбек жағдайын жақсартуға, әлеуметтік кепілдіктерді арттыруға мүмкіндік беретінін жеткізді. Ал Нұрсұлтан Орынбасар Конституциялық реформалардың ел болашағы үшін маңызды екенін айтып, әрбір азаматтың бұл үдерістен хабардар болуы қажет екенін тілге тиек етті.

Ашық форматта өткен басқосу қатысушылар тарапынан қолдау тауып, мазмұнды әрі пайдалы кездесу ретінде бағаланды.

Өңірлік коалицияның баспасөз қызметі.

Другие новости

В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

29 сентября в Астане начала работу конференция C5+...

  29.09.2026   133
В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

Астана, 28 сентября 2026 года — В столице состояло...

  29.09.2026   124
Удивили и разнообразием, и качеством

Удивили и разнообразием, и качеством

Аграрии Алматинской области представили на ярмарке...

  28.09.2026   177
Высокий темп  строительства жилья

Высокий темп строительства жилья

В Алматинской области на обеспечение жильем семей,...

  28.09.2026   173
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.