Четверг, 30 Июля 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Алатау қаласында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты өңірлік коалиция өкілдері білім  саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Алатау қаласы Заречный ықшам ауданында  өткен басқосуға коалиция мүшелері Роза Абилова, Талғат Мақаш және Жанар Бимұратова қатысты. Жиынның негізгі мақсаты – жаңа Конституция жобасының мазмұнын таныстырып, ұсынылған өзгерістердің бағыт-бағдарын түсіндіру.

Коалиция өкілі Роза Абилова  Конституциялық реформалардың негізгі басымдықтарына тоқталды.
«Ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтуге бағытталған. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін нақтылау көзделіп отыр», – деді ол.

Өз кезегінде  Самат Тулеуханович Парламенттің рөлін арттыру және жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамыту мәселесіне назар аударды.

«Жоба аясында Парламенттің ықпалын күшейту, өңірлердегі өзін-өзі басқару құрылымдарының мүмкіндіктерін кеңейту қарастырылған. Бұл – шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың қатысуын арттыруға бағытталған қадамдардың бірі», – деді спикер.
Дәурен Сейтжанов адам құқықтарын қорғау тетіктеріне қатысты өзгерістерге тоқталды.

«Ұсынылған түзетулер ұзақ мерзімді даму стратегияларын іске асыруға құқықтық негіз қалыптастыруды көздейді. Бұл өзгерістердің тиімділігі қоғамның белсенді талқылауына да байланысты», – деп атап өтті.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Білім саласының қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Олар жаңа Конституция жобасының мазмұнын жан-жақты түсіну және қоғамдық талқылауға қатысу азаматтық жауапкершіліктің маңызды бөлігі екеніне назар аударды.

Өңірлік коалицияның баспасөз қызметі.

Другие новости

Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай

Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай

Қазақстан соңғы жылдары атом өнеркәсібын жаңа сапа...

  30.07.2026   60
Сайлауалды науқанның басты дебаты: «Әділет» көрермендер дауыс беруінде жеңіске жетсе, «Ақ жол» екінші орынға тұрақтады

Сайлауалды науқанның басты дебаты: «Әділет» көрермендер дауыс беруінде жеңіске жетсе, «Ақ жол» екінші орынға тұрақтады

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микр...

  30.07.2026   90
Главные дебаты предвыборной кампании – «Әділет» выиграла зрительское голосование, а «Ақ жол» закрепилась на втором месте

Главные дебаты предвыборной кампании – «Әділет» выиграла зрительское голосование, а «Ақ жол» закрепилась на втором месте

Жребий, Хартия этики и один открытый микрофон на в...

  30.07.2026   84
Город ускоренного развития

Город ускоренного развития

Новая Конституция предусматривает возможность уста...

  30.07.2026   124
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.