Среда, 30 Сентября 2026

Коалиция мүшелері "Прогресс" колледжінің студенттерімен кездесті

Коалиция мүшелері

Бүгін Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы «Прогресс» колледжінде Жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру, ондағы өзгерістердің ел болашағына әсерін қоғамның белсенді бөлігі болып саналатын жастарға жан-жақты жеткізу мақсатында студенттер және мұғалімдермен кездесуі өтті. Кездесуге облыстық және аудандық коалиция мүшелері қатысты.

Жалпыұлттық коалиция мүшелері Конституция жобасына енгізіліп отырған негізгі өзгерістер мен толықтыруларды жан-жақты түсіндіріп, олардың қоғамды демократияландыруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты кепілдендіруге бағытталғанын атап өтті.

Референдумға ұсынылған өзгерістер мемлекеттік басқаруды заманауи талаптарға сәйкестендіруге, сот және құқық қорғау салаларының жұмысын күшейтуге, адами капиталды нығайтуға, сондай-ақ гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталған. «Отбасы – қоғамның берік негізі. Гендерлік теңдік те осы негізді нығайтуға қызмет етуі тиіс. Ер мен әйелдің тең мүмкіндігі отбасындағы татулықты, тәрбиенің сапасын және қоғамдағы үйлесімділікті арттырады. Азаматтық неке, ата-ана жауапкершілігі, бала тәрбиесі – бәрі де мемлекет дамуына тікелей ықпал ететін маңызды ұғымдар».

Коалиция мүшелері мұндай ашық диалог алаңдарының азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және елдің болашағына бағытталған реформаларды терең түсінуге зор мүмкіндік беретінін атап өтті.

Айта кету керек, 15 наурызда Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдум өтеді.

Өңірлік коалицияның баспасөз қызметі.

Другие новости

В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

29 сентября в Астане начала работу конференция C5+...

  29.09.2026   133
В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

Астана, 28 сентября 2026 года — В столице состояло...

  29.09.2026   124
Удивили и разнообразием, и качеством

Удивили и разнообразием, и качеством

Аграрии Алматинской области представили на ярмарке...

  28.09.2026   177
Высокий темп  строительства жилья

Высокий темп строительства жилья

В Алматинской области на обеспечение жильем семей,...

  28.09.2026   173
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.