Вторник, 14 Июля 2026

Коалиция мүшелері Жамбыл ауылының тұрғындарымен кездесті

Коалиция мүшелері Жамбыл ауылының тұрғындарымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Жамбыл ауданындағы Жамбыл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Жиында 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Коалиция мүшелері Президенттің бір реттік жеті жылдық мерзімі, партия мүшелігіне шектеу, кадрлық шешімдерді Құрылтай келісімімен қабылдау және билік тармақтарының теңгерімі мәселелеріне тоқталды.
Коалиция мүшесі Ардақ Назаров реформаның мәнін кеңінен тарқатты.

«Жаңа Конституция жобасы билікті күшейтуге емес, оны шектеуге бағытталған. Президент бір рет қана жеті жылға сайланады және бұл норма өзгертілмейтін қағида ретінде бекітіледі. Өкілеттік кезеңінде партия мүшесі бола алмайды, ал жақын туыстары саяси мемлекеттік қызмет атқара алмайды. Бұл – биліктің бір қолға шоғырлануына жол бермейтін нақты құқықтық тосқауылдар. Сонымен қатар заң шығару билігі толықтай сайланған Құрылтайға беріледі. Бұл – халық еркінің тікелей көрінісі», – деді ол.

Тұрғындар референдумның ел болашағы үшін маңызын атап өтті.

Өңірлік коалицияның баспасөз қызметі

Другие новости

Суд не может закрывать глаза

Суд не может закрывать глаза

Новая Конституция устанавливает важное правило о т...

  14.07.2026   105
Конституционный Суд ближе к гражданину

Конституционный Суд ближе к гражданину

В новой Конституции особое место занимает Конститу...

  14.07.2026   105
Бюджет под вниманием депутатов

Бюджет под вниманием депутатов

Новая Конституция усиливает контроль за исполнение...

  14.07.2026   111
Правительство становится подотчетнее

Правительство становится подотчетнее

По новой Конституции Правительство ответственно пе...

  14.07.2026   101
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.