Среда, 30 Сентября 2026

Жамбыл ауылының халқы тарихи референдумға белсенді қатысуға ниетті

Жамбыл ауылының халқы тарихи референдумға белсенді қатысуға ниетті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Жамбыл ауданындағы Жамбыл ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Жиында 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Коалиция өкілдері саяси жүйені жаңғырту, билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайту, Президенттің бір реттік жеті жылдық мерзімін бекіту, Құрылтайды толықтай пропорционалды сайлау жүйесі арқылы қалыптастыру және Конституциялық Соттың тәуелсіз мәртебесін айқындау мәселелеріне тоқталды.

Сондай-ақ жаңа редакцияда Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені нақты бекітілетіні, азаматтардың заңда белгіленген тәртіппен ақы алынбай медициналық көмек алуға құқығы сақталатыны атап өтілді. Бұдан бөлек, 8-баптың 3-тармағына сәйкес жер және оның қойнауы, су көздері мен өзге де табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені түсіндірілді.

Коалиция мүшесі Қуат Байғожаев реформаның мазмұнына кеңінен тоқталды.

«Жаңа Конституция – басқару жүйесін жаңғыртып, мемлекеттік институттардың өзара теңгерімін күшейтуге бағытталған жүйелі қадам. Президент бір рет қана жеті жылға сайланады және бұл норма өзгертілмейтін қағида ретінде бекітіледі. Заң шығару билігі толықтай сайланған Құрылтай арқылы жүзеге асырылады. Конституциялық Сот заңдардың Негізгі заңға сәйкестігін қамтамасыз ететін тәуелсіз орган ретінде жұмыс істейді. Табиғи ресурстардың халыққа тиесілі екені нақты айқындалады. Бұл – елдің құқықтық дамуының жаңа кезеңі», – деді ол.

Кездесу барысында тұрғындар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойды. Жамбыл ауылының халқы алдағы референдумға белсенді қатысу – азаматтық жауапкершілік әрі ел болашағына қосқан үлес екенін атап өтті.

Алматы облыстық коалициясының баспасөз қызметі.

Другие новости

В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

29 сентября в Астане начала работу конференция C5+...

  29.09.2026   133
В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

Астана, 28 сентября 2026 года — В столице состояло...

  29.09.2026   124
Удивили и разнообразием, и качеством

Удивили и разнообразием, и качеством

Аграрии Алматинской области представили на ярмарке...

  28.09.2026   177
Высокий темп  строительства жилья

Высокий темп строительства жилья

В Алматинской области на обеспечение жильем семей,...

  28.09.2026   173
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.