Вторник, 21 Июля 2026

Коалиция мүшелері Талғар агробизнес және менеджемент колледжерінің ұжымы мен студенттерімен кездесті.

Коалиция мүшелері Талғар агробизнес және менеджемент колледжерінің ұжымы мен студенттерімен кездесті.

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Талғар қаласындағы Талғар агробизнес және менеджемент колледжерінің ұжымы мен студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесуде 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары талқыланды. Коалиция өкілдері Президенттің бір реттік жеті жылдық мерзімі, Құрылтайды пропорционалды сайлау жүйесі арқылы қалыптастыру және Конституциялық Соттың мәртебесін күшейту мәселелеріне тоқталды.

Коалиция мүшесі С.Думчибаев жастардың саяси белсенділігіне ерекше назар аударды.

«Жаңа Конституция – жастардың болашағына қатысты құжат. Мұнда биліктің теңгерімі, заң үстемдігі және азаматтардың құқықтары нақты бекітіледі. Референдум – әр студенттің елдің даму бағытын айқындауға тікелей қатысу мүмкіндігі», – деді ол.

Студенттер өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Алматы облыстық коалициясының баспасөз қызметі

Другие новости

Участок трассы Алматы-Бишкек  станет восьмиполосным

Участок трассы Алматы-Бишкек станет восьмиполосным

На 22-м километре автодороги международного значен...

  20.07.2026   124
В тройке лидеров страны

В тройке лидеров страны

Темпы экономического роста Алматинской области по...

  20.07.2026   184
ҚазАвтоЖол дал старт капитальному ремонту и расширению дороги «Алматы – Бишкек» на одном из самых загруженных въездов в Алматы

ҚазАвтоЖол дал старт капитальному ремонту и расширению дороги «Алматы – Бишкек» на одном из самых загруженных въездов в Алматы

Сегодня, 20 июля 2026 года, АО «НК «ҚазАвтоЖол» оф...

  20.07.2026   143
Производство сыра и творога в Казахстане выросло на 28%

Производство сыра и творога в Казахстане выросло на 28%

По итогам января–мая 2026 года в Казахстане произв...

  20.07.2026   164
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.