Вторник, 21 Июля 2026

Конституциялық реформаның тарихи мәніне талдау жасалды

Конституциялық реформаның тарихи мәніне талдау жасалды

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Конституциялық реформа: Ұлы дала мемлекеттілігінің жаңа белесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Университеттің жетекші тарихшылары, құқықтанушылары мен ғалымдары елдегі ауқымды саяси өзгерістерді тарихи мұра мен ұлттық бірегейлік тұрғысынан талқылады.
Шараны ашқан тарих факультетінің деканы Досбол Байғонақов қазіргі реформалардың еліміздің болашағы үшін маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалардың адамға бағытталған басқару моделінің айнасы екенін атап өтті. «Біз, тарихшылар, үшін бұл реформалар ерекше мәнге ие: бұл – Ұлы дала мемлекеттілігінің тарихи сабақтастығын заң жүзінде бекітудің жаңа кезеңі және әділетті Қазақстан құру жолындағы берік құқықтық негіз. Бүгін қабылданатын шешімдер ертеңгі тарихтың өзегіне айналады», – деді Досбол Байғонақов.
Қатысушылар демократиялық институттардың эволюциясына ерекше назар аударды. Профессор Берекет Кәрібаев баяндамасында ежелгі дәстүрлер мен қазіргі заман арасындағы ұқсастықтарды келтірді. Оның пікірінше, Ұлы дала демократиялық дәстүрлері ежелгі далалық заңдардан бастау алып, қазіргі Конституцияда логикалық жалғасын табады, бұл мемлекеттік құрылымның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Профессор Аманжол Қалыш халық өкілдігінің институттарын жаңғырту мәселесіне тоқталды. Ол конституциялық өзгерістер аясында Ұлттық құрылтайдың жаңа мәртебеге ие болғанын ерекше атап өтті. Спикердің айтуынша, жаңа Конституциядағы Кұрылтайдың орны мен рөлі мемлекеттің қоғамды консолидациялауға және маңызды саяси шешімдер қабылдауда халықтың пікірін ескеруге деген ұмтылысын көрсетеді.
Кездесу барысында сондай-ақ «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің конституциялық идеялары мен «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасының үндестігі талқыланды. Қатысушылардың пікірінше, қазіргі конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтіп қана қоймай, мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара сенімге негізделген жаңа қоғамдық келісім қалыптастырады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі.

Другие новости

Участок трассы Алматы-Бишкек  станет восьмиполосным

Участок трассы Алматы-Бишкек станет восьмиполосным

На 22-м километре автодороги международного значен...

  20.07.2026   124
В тройке лидеров страны

В тройке лидеров страны

Темпы экономического роста Алматинской области по...

  20.07.2026   184
ҚазАвтоЖол дал старт капитальному ремонту и расширению дороги «Алматы – Бишкек» на одном из самых загруженных въездов в Алматы

ҚазАвтоЖол дал старт капитальному ремонту и расширению дороги «Алматы – Бишкек» на одном из самых загруженных въездов в Алматы

Сегодня, 20 июля 2026 года, АО «НК «ҚазАвтоЖол» оф...

  20.07.2026   143
Производство сыра и творога в Казахстане выросло на 28%

Производство сыра и творога в Казахстане выросло на 28%

По итогам января–мая 2026 года в Казахстане произв...

  20.07.2026   164
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.