Четверг, 09 Апреля 2026

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «DOLCE-PHARM» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «DOLCE-PHARM» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Алатау қаласы Ынтымақ ықшам ауданындағы «Dolce-Pharm» еңбек ұжымымен кездесіп, 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның адамға бағдарланған сипаты, әлеуметтік кепілдіктердің сақталуы, еңбек құқықтары, цифрлық қауіпсіздік және дәстүрлі отбасы құндылықтарын қорғау мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы референдумның маңыздылығын атап өтті.

«Жаңа Конституция – біздің ортақ болашағымыздың негізі. Әрбір азаматтың референдумға қатысып, дауыс беруі – еліміздің даму жолына қосқан үлесі», – деді коалиция мүшесі Роза Абилова.

Ұжым өкілдері жаңа Конституция жобасымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алғандарына алғыстарын айтты.

Жалпыұлттық коалиция ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, еліміздің түкпір-түкпірінде осындай кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Өңірлік коалицияның баспасөз қызметі.

Другие новости

Практические навыки  для цифрового будущего

Практические навыки для цифрового будущего

В Алматинской области набирает обороты новая образ...

  08.04.2026   127
Разговор о поддержке  и кредитах

Разговор о поддержке и кредитах

Поддержка предпринимательства и решение имеющихся...

  08.04.2026   135
Передача государственной доли

Передача государственной доли

Приватизация части государственного участия в сфер...

  08.04.2026   114
Право на здоровье как конституционная ценность: не декларация, а обязанность государства

Право на здоровье как конституционная ценность: не декларация, а обязанность государства

Анализ обращений граждан и результаты мониторинга...

  08.04.2026   144
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.