Понедельник, 20 Апреля 2026

Алматы облысында бір жылда 44 жаңа медициналық нысан ашылды

Алматы облысында бір жылда 44 жаңа медициналық нысан ашылды

Алматы облысында денсаулық сақтау саласын дамыту және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жалғасуда, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірде 44 жаңа медициналық нысан пайдалануға беріліп, бұл әсіресе ауыл-аймақтағы қызмет сапасын жақсартуға, жедел көмек көрсетуге мүмкіндік берді.

Өңірде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 38 нысанның құрылысы аяқталды. Бұл бастама қала мен ауыл арасындағы медициналық көмек сапасының алшақтығын азайтуға бағытталған. Сондай-ақ тұрғындардың жергілікті жерде қолайлы медициналық қызметке жүгінуіне сеп болды.

«Қарасай және Еңбекшіқазақ аудандарында көпсалалы ауданаралық ауруханалар жаңғыртылды. Сонымен қатар Есік қаласында заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, аналар мен жаңа туған нәрестелерге жоғары білікті көмек көрсетуге арналған жаңа облыстық перинаталдық орталық жұмысын бастады», – деді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов.

Қазіргі таңда өңірде медициналық көмек кең тармақталған ұйымдар желісі арқылы көрсетіледі. Облыста 24 мемлекеттік және 72 жекеменшік мекеме бар. Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінде 356 нысан кіреді. Оның ішінде 75 фельдшерлік-акушерлік пункт, 139 дәрігерлік амбулатория, 76 медициналық пункт және 38 алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы бар.

Соңғы жылдары медициналық ұйымдарда материалдық-техникалық қамту деңгейі айтарлықтай артып, көрсеткіш 93 пайызға жеткен. Бұл – жүйелі жаңғырту жұмыстары мен заманауи технологияларды енгізудің нәтижесі.

«Салауатты ұлт» ұлттық жобасы аясында өңірдегі медициналық мекемелерге МРТ, ангиограф, жылжымалы маммограф және операциялық микроскоп сияқты заманауи құралдар жеткізілді. Онкологиялық аурулардың алдын алып, оны емдеуге ерекше назар аударылған. Осы бағытта 27 арнайы техника сатып алынды. Сонымен қатар жедел жәрдем қызметінің автопаркі жаңартылып, 90 санитарлық көлікпен толықты.

Алыс елді мекендерде де оң өзгерістер байқалады. Шалғай аудандарда 9 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді. Олар жергілікті жерде диагностика, профилактикалық тексеру жүргізеді.

Кешенді шаралардың нәтижесінде өткен жылы облыста негізгі медициналық көрсеткіштер жақсарды. Атап айтқанда, жалпы өлім-жітім 1,5 пайызға төмендеді, нәресте өлімі 26 пайызға азайды. Жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім 3,3 пайызға, онкологиялық аурулар 5 пайызға қысқарды. Туберкулезден болатын өлім көрсеткіші екі есе төмендеді.

Кадр мәселесі де біртіндеп шешімін табуда. Өңірде медицина мамандарының тапшылығы екі есеге азайды. 2025 жылы 183 жас маман жұмысқа кірісті. Олардың бір бөлігі жергілікті грант негізінде білім алған.

Медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау аясында біржолғы төлемдер мен басқа да ынталандыру шаралары қарастырылған. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табады. Соның нәтижесінде мамандар саны көбейіп, медициналық қызмет сапасы жақсара түспек.

Другие новости

Инвестиции в здоровье

Инвестиции в здоровье

Развитие медицинской инфраструктуры, обновление об...

  17.04.2026   240
Акцент на безопасности

Акцент на безопасности

С приходом тепла на улицах сельских населенных пун...

  10.04.2026   666
Призвание сильнее преград

Призвание сильнее преград

В праздничные дни, когда страна отмечала Наурыз, а...

  10.04.2026   520
Технологии -  на страже жизни

Технологии - на страже жизни

Система здравоохранения Алматинской области в посл...

  10.04.2026   624
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.