Понедельник, 19 Октября 2026

"Денсаулық марафоны" Қонаев қаласының белсенді тұрғындарын Денсаулық күніне орай біріктірді

Бүгін Қонаев қаласындағы Б. Соқпақбаев атындағы орталық саябақта Дүниежүзілік денсаулық күніне орай "Денсаулық марафоны» өтті".
Іс-шара Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы, спорт басқармасы және қала әкімдігінің бірлесуімен ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – тұрғындардың назарын салауатты өмір салтының маңыздылығына және аурулардың алдын алуға аудару.
Бірнеше сағатқа созылған марафон барысында әртүрлі жастағы қала тұрғындары денсаулыққа қатысты пайдалы ақпарат алып, бастапқы медициналық тексерулерден өтіп, қалалық көпсалалы аурухананың мамандарынан кеңес алды. Қатысушылар қандағы қант деңгейін анықтап, дене салмағы индексін есептеп, артериялық қысымын өлшеді. Мұндай қарапайым тексерулер денсаулықтағы қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтауға және жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, барлық ниет білдірушілер үшін нұсқаушымен арнайы жаттығулар ұйымдастырылып, негізгі жаттығу түрлері көрсетіліп, дене белсенділігін сақтау мен салауатты өмір салтын ұстану бойынша ұсыныстар берілді.
Белсенді қатысқан әрбір тұрғынға естелік сыйлықтар табысталып, бұл шараның жағымды әсерін арттыра түсті.
"Денсаулық марафоны" достық және ашық атмосферада өтіп, қала тұрғындарын біріктіріп, ең басты құндылық – денсаулық екенін тағы бір мәрте еске салды.
Өзіңе және жақындарыңа қамқорлық жасау – әр азамат үшін маңызды басымдық болып қала береді.

Другие новости

Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Қазан айы бүкіл әлемде сүт безі қатерлі ісігі тура...

  16.10.2026   238
Передовой опыт региона

Передовой опыт региона

В рамках государственного визита монархов Королевс...

  14.10.2026   282
Современные системы мониторинга – в помощь специалистам

Современные системы мониторинга – в помощь специалистам

В урочище Талгар Алматинской области модернизирова...

  13.10.2026   264
В АМКБ впервые имплантировали электрокардиостимуляторы Biotronik Solvia и Amvia

В АМКБ впервые имплантировали электрокардиостимуляторы Biotronik Solvia и Amvia

В Алматинской многопрофильной клинической больнице...

  12.10.2026   245
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.