Четверг, 09 Апреля 2026

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ СПОРТ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ СПОРТ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Іле ауданы Өтеген батыр ауылында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты жалпыұлттық коалиция өкілдерінің тұрғындармен кездесулері жүйелі түрде өтіп жатыр. Осы ретте коалиция мүшелері аудан орталығындағы спорт мектебінің ұжымымен кездесті.

Жиын барысында Алмасбек Қожабекұлы бастаған жұмысшы топ Конституцияның жаңа жобасының негізгі бағыттарын таныстырып, алдағы референдумға белсенді түрде қатысуға шақырды. Оның айтуынша, жаңа Ата заң жобасының басты артықшылықтарының бірі – мәтінінің қарапайым әрі көпшілікке түсінікті тілде жазылуы.

– Бұрын Конституцияның кейбір баптарын кез келген адам бірден түсіне бермейтін. Ал жаңа жобада құқықтық нормалар барынша нақты, ашық әрі түсінікті берілген. Ең бастысы – адам құқықтарына бұрынғыдан да жоғары мән беріліп отыр. Бұл құқықтық дауларды әділ әрі дәл шешуге мүмкіндік береді, – деді.

Өз кезегінде коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасы еліміздің түрлі саласындағы ең білікті 130 маманның қатысуымен дайындалғанын атап өтті. Оның сөзінше, құжатты әзірлеуге заңгерлер, саясаткерлер, сарапшылар және белсенді азаматтар атсалысқан.

– Жоба дайындалу барысында халықтан 10 мыңнан астам ұсыныс пен пікір жиналды. Мамандар сол ойларды зерделеп, бүгінгі заман талаптарына сай, ел дамуына серпін беретін жаңа Ата заң нұсқасын ұсынып отыр. Мен өзім құжатпен толық танысып, көптеген оң өзгерістерге көз жеткіздім. Сондықтан сіздерді де бейжай қалмай, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын. Бұл – тек бүгінгі күннің емес, болашақ ұрпақ алдындағы да жауапкершілік, – деді депутат.
Сонымен қатар, жиын барысында коалиция мүшелері азаматтар өз ұсыныс-пікірлерін eGov.kz электронды порталы арқылы жолдай алатынын түсіндірді. Сұрақ-жауап бөлімінде қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, нақты жауаптар алды.

Жиын соңында спорт мектебінің ұжымы алдағы референдумға белсенді қатысуға дайын екендерін білдіріп, ел болашағына қатысты маңызды шешімге жауапкершілікпен қарайтындарын атап өтті.

Өңірлік коалицияның баспасөз қызметі.

Другие новости

Практические навыки  для цифрового будущего

Практические навыки для цифрового будущего

В Алматинской области набирает обороты новая образ...

  08.04.2026   127
Разговор о поддержке  и кредитах

Разговор о поддержке и кредитах

Поддержка предпринимательства и решение имеющихся...

  08.04.2026   135
Передача государственной доли

Передача государственной доли

Приватизация части государственного участия в сфер...

  08.04.2026   114
Право на здоровье как конституционная ценность: не декларация, а обязанность государства

Право на здоровье как конституционная ценность: не декларация, а обязанность государства

Анализ обращений граждан и результаты мониторинга...

  08.04.2026   144
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.