Четверг, 09 Апреля 2026

Алматы облысында коалиция мүшелері Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен кездесті

Алматы облысында коалиция мүшелері Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында коалиция өкілдері 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндірді. Жиында бір палаталы Парламентке көшу, Президенттің бір реттік жеті жылдық мерзімі, Конституциялық Соттың тәуелсіз мәртебесі және билік тармақтарының тепе-теңдігін күшейту мәселелері талқыланды.

Коалиция мүшесі Мақсат Сейдалиев Конституцияның мемлекет өміріндегі рөліне тоқталып, жаңа Ата Заңның құқықтық жүйені жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.

«Конституция – мемлекеттік құрылымның принциптерін, билік жүйесін және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін айқындайтын Негізгі заң. Оның жаңаруы – құқықтық жүйені жетілдіруге бағытталған маңызды қадам. Бір палаталы Парламент заң шығару үдерісін ықшам әрі тиімді етеді, ал Конституциялық Сот заңдардың Негізгі заңға сәйкестігін қамтамасыз етеді. Бұл – мемлекеттік институттардың тұрақты әрі үйлесімді жұмыс істеуінің құқықтық негізі», – деді ол.

Кездесу барысында департамент қызметкерлері алдағы референдумның маңыздылығын атап өтіп, 15 наурыздағы дауыс беруге белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Төтенше жағдайлар қызметкерлері жаңа Конституция ел тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің берік негізі болатынына сенім білдірді.

Жалпыұлттық коалиция ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өңірлерде жалғастыруда.

Өңірлік коалицияның баспасөз қызметі.

Другие новости

Практические навыки  для цифрового будущего

Практические навыки для цифрового будущего

В Алматинской области набирает обороты новая образ...

  08.04.2026   127
Разговор о поддержке  и кредитах

Разговор о поддержке и кредитах

Поддержка предпринимательства и решение имеющихся...

  08.04.2026   135
Передача государственной доли

Передача государственной доли

Приватизация части государственного участия в сфер...

  08.04.2026   114
Право на здоровье как конституционная ценность: не декларация, а обязанность государства

Право на здоровье как конституционная ценность: не декларация, а обязанность государства

Анализ обращений граждан и результаты мониторинга...

  08.04.2026   144
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.