Среда, 30 Сентября 2026

№42 ОРТА МЕКТЕП ҰСТАЗДАРМЕН КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

№42 ОРТА МЕКТЕП ҰСТАЗДАРМЕН КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Іле ауданы Асқар Тоқпанов ауылдық округіндегі №42 жалпы орта мектебінде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалиция мүшелері ұстаздар қауымымен кездесу өткізді. Жиын барысында 15 наурызда өтетін республикалық референдумның маңызы түсіндіріліп, Конституцияның жаңа жобасындағы негізгі өзгерістер таныстырылды.

Кездесуге алғашқы болып сөз алған коалиция мүшесі жаңа Ата заң жобасының басты ерекшеліктеріне тоқталды. Оның айтуынша, құжаттың қарапайым әрі түсінікті тілде жазылуы – маңызды жаңалықтардың бірі.
– Бұған дейінгі Конституция өз кезеңінде ел дамуына қызмет етті. Алайда уақыт өзгерген сайын заң да жетілдіріліп отыруы тиіс. Ұсынылып отырған жаңа жоба жалпыға түсінікті тілде жазылған. Сонымен қатар, қазіргі заман талабына сай қалыптасқан жаңа ұғымдар мен құндылықтар да нақты көрініс тапқан, – деді Мухит Бахытович.

Өз кезегінде Тлеукен Отыншиевна адам құқықтарын қорғауға бағытталған нормалардың күшейтілгенін атап өтті.

– Жаңа жобада «Миранда ережесінің» енгізілуі – маңызды қадам. Бұл норма бойынша жауапты органдар күдіктіні ұстаған кезде оның құқықтарын толық түсіндіруге міндетті. Егер бұл талап сақталмаса, жүргізілген тергеу әрекеттері заңсыз деп танылуы мүмкін. Мұндай тетік азаматтарды негізсіз қысымнан қорғап, әділдік қағидатын нығайтады, – деді ол.

Жиын барысында ұстаздар жаңа Конституция жобасына қатысты сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, коалиция мүшелері құжаттағы өзге де бағыттар – әлеуметтік кепілдіктер, заң үстемдігі, мемлекеттік басқаруды жетілдіру мәселелері жөнінде түсіндірме берді.

Кездесу қорытындысында қатысушылар алдағы референдумға белсенді қатысып, ел болашағына қатысты маңызды шешімге жауапкершілікпен қарау қажеттігін атап өтті.

Өңірлік коалицияның баспасөз қызметі.

Другие новости

В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

29 сентября в Астане начала работу конференция C5+...

  29.09.2026   129
В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

Астана, 28 сентября 2026 года — В столице состояло...

  29.09.2026   122
Удивили и разнообразием, и качеством

Удивили и разнообразием, и качеством

Аграрии Алматинской области представили на ярмарке...

  28.09.2026   175
Высокий темп  строительства жилья

Высокий темп строительства жилья

В Алматинской области на обеспечение жильем семей,...

  28.09.2026   173
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.