Среда, 30 Сентября 2026

«Қазіргі жастар: сипаттамасы, құндылықтары, қызығушылықтары»

«Қазіргі жастар: сипаттамасы, құндылықтары, қызығушылықтары»

27 қаңтар 2026 жылы «Қоғамдық пікір» зерттеу институты (Астана, Қазақстан) және Ханкук шетел тілдері университетінің Орталық Азия зерттеулері институты (Сеул, Корея Республикасы) бірлескен «Қазіргі жастар: сипаттамасы, құндылықтары, қызығушылықтары» атты ғылыми семинар өткізді.

Ғылыми семинар барысында Қазақстан, Оңтүстік Корея және Түркия зерттеушілері өз елдеріндегі қазіргі жастардың ерекшеліктерін, өмірлік құндылықтары мен басымдықтарын, әртүрлі ұрпақтардың қызығушылықтары мен мақсаттарын талқылады. Жас буынның құндылықтары мен бағдарлары қандай? Жастар үшін не маңызды? Олардың қызығушылықтары қандай? Ұрпақтар бір-бірінен несімен ерекшеленеді? Болашақ туралы түсініктері қандай? болашақтың адамдары –  кім олар?

Семинарда келесі баяндамалар ұсынылды: Санчел Ким, PhD, профессор, Ханкук шетел тілдері университетінің Орталық Азия зерттеулері институтының ғылыми қызметкері (Сеул, Корея Республикасы) – «Корея Республикасындағы және Орталық Азия елдеріндегі (Қазақстан және Өзбекстан) миллениал ұрпағының ерекшеліктері»,

Шаймерденова Сабина Ануарбекқызы, әлеуметтану магистрі, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының Әлеуметтанулық зерттеулер және болжамдау басқармасының басшысы (Астана, Қазақстан) – «Қазақстан жастары: келбеті, құндылықтары, болашағы»,

Анар Сомунджуоғлу, PhD, қауымдастырылған профессор, Хаджеттепе университеті (Анкара, Түркия) – «Түркияның қазіргі жастары»,

Қаламқас Есімова, антропология және этнология магистрі, «Қоғамдық пікір» зерттеу институты, Astana IT University (Астана, Қазақстан) – «ҚХР-дағы жастарға қатысты социологиялық зерттеулер».

Семинарға түрлі ұйымдардың өкілдері қатысты: ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты, «Отандастар қоры» КЕАҚ, Astana IT University, Астана мемлекеттік қызмет хабы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Қытай зерттеушілері қауымдастығы.

Ғылыми семинардың модераторы: Ракишева Ботагоз Ислямовна – «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің доценті м. а.

Другие новости

В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

29 сентября в Астане начала работу конференция C5+...

  29.09.2026   127
В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

Астана, 28 сентября 2026 года — В столице состояло...

  29.09.2026   120
Удивили и разнообразием, и качеством

Удивили и разнообразием, и качеством

Аграрии Алматинской области представили на ярмарке...

  28.09.2026   173
Высокий темп  строительства жилья

Высокий темп строительства жилья

В Алматинской области на обеспечение жильем семей,...

  28.09.2026   173
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.