Пятница, 10 Апреля 2026

Жалпыұлттық коалиция мүшелері «Knauf» кәсіпорны ұжымымен кездесті

Жалпыұлттық коалиция мүшелері «Knauf» кәсіпорны ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалиция мүшелері, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Жанболат Жөргенбаев пен Закиржан Кузиев Алатау қаласындағы «Knauf» кәсіпорнында болып, еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Жиында 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды. Коалиция мүшелері өндіріс қызметкерлеріне жаңа Ата Заңның адамға бағдарланған сипаты, әділеттілік қағидаттарын нығайту, заң үстемдігін күшейту және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері туралы жан-жақты түсіндірді.

Сенат депутаттары өз сөздерінде жаңа Конституция жобасында алғаш рет азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау нормалары бекітілгенін атап өтті. Сонымен қатар билік тармақтарының теңгерімін күшейту, өкілді органдардың рөлін арттыру және қоғамдық диалог институттарын дамыту мәселелеріне тоқталды.

Кездесу ашық форматта өтіп, кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Қатысушылар алдағы референдум ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды саяси науқан екенін атап өтті.

Другие новости

Представлен заместитель акима Шенгельдинского сельского округа

Представлен заместитель акима Шенгельдинского сельского округа

В ходе встречи с жителями села Сарыбулак аким горо...

  09.04.2026   113
Практические навыки  для цифрового будущего

Практические навыки для цифрового будущего

В Алматинской области набирает обороты новая образ...

  08.04.2026   242
Разговор о поддержке  и кредитах

Разговор о поддержке и кредитах

Поддержка предпринимательства и решение имеющихся...

  08.04.2026   243
Передача государственной доли

Передача государственной доли

Приватизация части государственного участия в сфер...

  08.04.2026   230
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.