Пятница, 10 Апреля 2026

КӨКҚАЙНАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ ӨТТІ

КӨКҚАЙНАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ ӨТТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясы Іле ауданы Көкқайнар ауылына сапар жасап, тұрғындар және жастармен кездесулер өткізді. Кездесулердің басты мақсаты – жаңа Конституция жобасының маңызды өзгерістері мен азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіру болды.

Кездесуге коалиция мүшелері қатысты. Максат Сейдалиев өз сөзінде жаңа Конституция жобасының негізгі ерекшелігі – адам құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылық ретінде айқындау екенін атап өтті. Сонымен қатар, жаңа жобада Егемендік пен Тәуелсіздік елдің аумақтық тұтастығының өзгермейтін құндылықтары қатарына енгізілгенін жеткізді.

Нұрлан Түймелиев  өз сөзінде азаматтық қоғамның бүгінгі реформаларға қолдау көрсетіп, алдағы референдумға белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға спикерлер жан-жақты жауап берді.

Жалпы кездесулер барысында жаңа Конституция жобасының мазмұны, оның қоғам сұранысына негізделгені және елдің одан әрі дамуына бағытталған стратегиялық құжат екені кеңінен талқыланды. Коалиция мүшелері азаматтарды алдағы референдумда белсенділік танытып, саналы таңдау жасауға шақырды.

Другие новости

Представлен заместитель акима Шенгельдинского сельского округа

Представлен заместитель акима Шенгельдинского сельского округа

В ходе встречи с жителями села Сарыбулак аким горо...

  09.04.2026   113
Практические навыки  для цифрового будущего

Практические навыки для цифрового будущего

В Алматинской области набирает обороты новая образ...

  08.04.2026   242
Разговор о поддержке  и кредитах

Разговор о поддержке и кредитах

Поддержка предпринимательства и решение имеющихся...

  08.04.2026   243
Передача государственной доли

Передача государственной доли

Приватизация части государственного участия в сфер...

  08.04.2026   230
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.