Пятница, 10 Апреля 2026

ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ ҰЖЫМЫМЕН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ ҰЖЫМЫМЕН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Өтеген батыр ауылындағы «Қазақтелеком» ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа редакцияда Президент бір реттік жеті жылдық мерзімге сайланатынын және қайта сайлану құқығына ие болмайтынын, өкілеттік кезеңінде саяси партия мүшесі бола алмайтынын атап өтті. Сонымен қатар жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметтерді атқара алмауы биліктің шоғырлануына жол бермейтін құқықтық тосқауыл екені түсіндірілді.

«Жаңа Конституция жобасының басты мақсаты – билікті жеке тұлғаға бейімдеу емес, оны институционалдық тұрғыдан шектеу. Бір реттік жеті жылдық мерзім өзгертілмейтін қағида ретінде бекітіледі. Бұл – биліктің “нөлденуіне” емес, тұрақтылық пен әділеттілікке бағытталған нақты құқықтық шешім. Сонымен қатар, кадрлық шешімдерді Құрылтай келісімімен қабылдау тетігі енгізіліп отыр. Бұл – тепе-теңдік пен жауапкершілік моделінің негізі», – деді коалиция мүшесі Тлеукен Отыншықызы.

Ұжым өкілдері референдумның ел дамуы үшін тарихи маңызы бар екенін атап өтті.

Другие новости

Представлен заместитель акима Шенгельдинского сельского округа

Представлен заместитель акима Шенгельдинского сельского округа

В ходе встречи с жителями села Сарыбулак аким горо...

  09.04.2026   113
Практические навыки  для цифрового будущего

Практические навыки для цифрового будущего

В Алматинской области набирает обороты новая образ...

  08.04.2026   242
Разговор о поддержке  и кредитах

Разговор о поддержке и кредитах

Поддержка предпринимательства и решение имеющихся...

  08.04.2026   243
Передача государственной доли

Передача государственной доли

Приватизация части государственного участия в сфер...

  08.04.2026   230
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.