Вторник, 21 Июля 2026

Коалиция мүшелері Қазақтелеком байланыс қызметкерлерімен кездесті

Коалиция мүшелері Қазақтелеком байланыс қызметкерлерімен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында орналасқан Қазақтелеком байланыс қызметкерлерінің еңбек ұжымымен кездесіп, 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның адамға бағдарланған сипаты, әлеуметтік кепілдіктердің сақталуы, еңбек құқықтары, цифрлық қауіпсіздік және дәстүрлі отбасы құндылықтарын қорғау мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы референдумның маңыздылығын атап өтті.

«Жаңа Конституция – біздің ортақ болашағымыздың негізі. Әрбір азаматтың референдумға қатысып, дауыс беруі – еліміздің даму жолына қосқан үлесі», – деді коалиция мүшесі Сания Бижуменова.

Ұжым өкілдері жаңа Конституция жобасымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алғандарына алғыстарын айтты.

Жалпыұлттық коалиция ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, еліміздің түкпір-түкпірінде осындай кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Другие новости

ИЯФ — кузница кадров для атомной отрасли Казахстана

ИЯФ — кузница кадров для атомной отрасли Казахстана

Институт ядерной физики готов стать центральной пр...

  21.07.2026   115
Право на защиту стало яснее

Право на защиту стало яснее

Новая Конституция закрепляет право каждого человек...

  21.07.2026   141
Новая Конституция и верховенство закона

Новая Конституция и верховенство закона

В преамбуле новой Конституции наряду с идеей Справ...

  21.07.2026   134
Как граждане участвуют в управлении страной

Как граждане участвуют в управлении страной

Одна из ключевых идей новой Конституции заключаетс...

  21.07.2026   125
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.