Среда, 30 Сентября 2026

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Жанболат Жөргенбаев пен Закиржан Кузиев Іле ауданындағы «Алатау жарық компаниясы» АҚ ұжымымен кездесті.

Жиын барысында 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары кеңінен түсіндірілді. Әсіресе билік тармақтарының тепе-теңдігі, бір палаталы Құрылтай институтын енгізу, Конституциялық Соттың тәуелсіздігін күшейту және Президент өкілеттігінің бір реттік жеті жылдық мерзімі мәселелері назарға алынды.

Коалиция мүшесі Жанболат Жөргенбаев жаңа конституциялық өзгерістердің мәні саяси жүйені сапалық жаңа деңгейге көшіруде екенін атап өтті.

«Жаңа Конституцияның маңызды жаңалығы – Президенттің өкілеттік мерзімінің нақты әрі өзгермейтін болып белгіленуі. Мемлекет басшысы бір реттік жеті жылдық мерзімге сайланады және қайта сайлана алмайды. Бұл талап болашақта өзгертілмейді. Мұндай шешім биліктің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, саяси жүйенің болжамды әрі ашық жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Мемлекеттік басқару нақты ережелерге сүйенуі керек», – деді сенатор.

Оның айтуынша, жаңа Конституцияда тежемелік әрі тепе-теңдік тетіктері күшейтіліп, Парламенттің рөлі артады, ал Конституциялық Соттың мәртебесі нақты бекітіледі. Бұл шешімдер мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттыруға бағытталған.

«Алатау жарық компаниясы» АҚ Іле ауданы электр тораптары бөлімшесінің басшысы Бекжан Түгелбаев ұжымның ұстанымын жеткізіп, сала үшін тұрақты құқықтық ортаның маңызына тоқталды.

«Энергетика – ел экономикасының тірегі. Біз тәулік бойы жұмыс істейтін стратегиялық инфрақұрылымды қамтамасыз етеміз. Сондықтан саяси және құқықтық жүйенің тұрақтылығы біз үшін тек теориялық мәселе емес, нақты өндірістік қауіпсіздік пен инвестициялық сенімге тікелей әсер ететін фактор. Жаңа Конституцияда институционалдық жауапкершілік пен тепе-теңдік тетіктерінің күшеюі сала үшін де ұзақ мерзімді сенімді негіз қалыптастырады деп санаймыз», – деді ол.

Кездесу ашық форматта өтті. Қызметкерлер әлеуметтік мемлекеттің қағидаттары, еңбек құқықтарының қорғалуы және стратегиялық инфрақұрылым нысандарының құқықтық қауіпсіздігіне қатысты сауалдарын қойды.

Жиын қорытындысында Алматы облысының энергетиктері алдағы республикалық референдумға белсенді қатысуға дайын екендерін білдіріп, елдің болашақ даму бағытын айқындайтын өзгерістерді қолдайтындарын жеткізді.

Алматы облыстық коалициясының баспасөз қызметі

Другие новости

В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

29 сентября в Астане начала работу конференция C5+...

  29.09.2026   126
В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

Астана, 28 сентября 2026 года — В столице состояло...

  29.09.2026   120
Удивили и разнообразием, и качеством

Удивили и разнообразием, и качеством

Аграрии Алматинской области представили на ярмарке...

  28.09.2026   173
Высокий темп  строительства жилья

Высокий темп строительства жилья

В Алматинской области на обеспечение жильем семей,...

  28.09.2026   173
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.