Воскресенье, 19 Июля 2026

Коалиция мүшелері №31 орта мектеп ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері №31 орта мектеп ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Талғар ауданындағы №31 педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа редакцияда Президент бір реттік жеті жылдық мерзімге сайланатынын және қайта сайлану құқығына ие болмайтынын, өкілеттік кезеңінде саяси партия мүшесі бола алмайтынын атап өтті. Сонымен қатар жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметтерді атқара алмауы биліктің шоғырлануына жол бермейтін құқықтық тосқауыл екені түсіндірілді.

«Жаңа Конституция жобасының басты мақсаты – билікті жеке тұлғаға бейімдеу емес, оны институционалдық тұрғыдан шектеу. Бір реттік жеті жылдық мерзім өзгертілмейтін қағида ретінде бекітіледі. Бұл – биліктің “нөлденуіне” емес, тұрақтылық пен әділеттілікке бағытталған нақты құқықтық шешім. Сонымен қатар, кадрлық шешімдерді Құрылтай келісімімен қабылдау тетігі енгізіліп отыр. Бұл – тепе-теңдік пен жауапкершілік моделінің негізі», – деді коалиция мүшесі Сулейменов Айдын

Ұжым өкілдері референдумның ел дамуы үшін тарихи маңызы бар екенін атап өтті.

Другие новости

В Правительстве рассмотрели вопросы безопасности детей в период летнего отдыха

В Правительстве рассмотрели вопросы безопасности детей в период летнего отдыха

Под председательством заместителя Премьер-министра...

  19.07.2026   116
Служить государству по закону

Служить государству по закону

Новая Конституция закрепляет равное право граждан...

  18.07.2026   196
Предприниматель под защитой закона

Предприниматель под защитой закона

Новая Конституция гарантирует свободу предпринимат...

  18.07.2026   167
Особый режим для роста

Особый режим для роста

Новая Конституция предусматривает возможность уста...

  18.07.2026   186
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.