Среда, 30 Сентября 2026

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Боралдай кентіндегі «Боралдай аудандық» ауруханасында болып, медицина саласының қызметкерлерімен мазмұнды кездесу өткізді. Басқосуда жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, алдағы 15 наурызда өтетін референдумның маңызы кеңінен талқыланды.
Кездесу барысында Нұрлан Түймелиев жаңа Ата заң жобасының құқықтық тұрғыдағы жаңашыл тұстарына ерекше тоқталды. 
– Конституцияның жаңа жобасында азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп отыр. Соның бірі – «Миранда ережесі». Енді құқық қорғау органдары кез келген азаматпен байланыс орнатқанда, оның құқықтарын толық түсіндіруге міндетті. Адвокат шақыруға және адвокат келгенге дейін жауап бермеуге құқығы бар екені нақты көрсетіледі. Бұл – дамыған елдердің тәжірибесінде бар, құқықтық мемлекеттің маңызды қағидаты, – деді ол.

Депутаттың айтуынша, мұндай нормалар заң үстемдігін қамтамасыз етіп қана қоймай, азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттыруға ықпал етеді.

Өз кезегінде Көпбпева Тлеукен жаңа жобадағы әлеуметтік және отбасылық бағыттарға назар аударды.
– Ата заңда адам және отбасы құндылықтарына айрықша мән берілген. Бұл қоғамдағы жауапкершілікті күшейтіп, азаматтық бірлікті нығайта түседі. Сонымен қатар, медициналық қызметтерге қатысты конституциялық кепілдіктер нақты көрсетілген. Яғни, заңда белгіленген тегін медициналық көмекті алу құқығы айқын әрі түсінікті түрде бекітіледі, – деді ол.

Медицина қызметкерлері үшін денсаулық сақтау саласына қатысты нормалардың нақтылануы маңызды мәселе екені айтылды. Кездесу барысында дәрігерлер мен орта буын мамандары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жаңа өзгерістердің практикалық маңызына қатысты пікір алмасты.
Жиын қорытындысында қатысушылар референдум – ел болашағына қатысты маңызды шешім екенін атап өтіп, 15 наурыз күні белсенді қатысуға ниетті екендерін білдірді.

Осылайша, «Боралдай аудандық» ауруханасында өткен кездесу жаңа Конституция жобасының мазмұнын медицина саласының өкілдеріне кеңінен түсіндіруге және ашық пікір алмасуға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды.

Другие новости

В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

29 сентября в Астане начала работу конференция C5+...

  29.09.2026   126
В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

Астана, 28 сентября 2026 года — В столице состояло...

  29.09.2026   120
Удивили и разнообразием, и качеством

Удивили и разнообразием, и качеством

Аграрии Алматинской области представили на ярмарке...

  28.09.2026   173
Высокий темп  строительства жилья

Высокий темп строительства жилья

В Алматинской области на обеспечение жильем семей,...

  28.09.2026   173
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.