Воскресенье, 19 Июля 2026

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері Талғар ауданындағы «Қазақтелеком»АҚ  еңбек ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасы жайында пікір алмасты.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның адам құқықтарын қорғауға, әлеуметтік саланы дамытуға және елдің саяси жүйесін жетілдіруге бағытталғанын атап өтті. Олар білім мен медицинаның тегін болатынын, еңбек құқықтарының конституциялық деңгейде қорғалатынын, цифрлық деректердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілетінін жеткізді.

«Жаңа Конституция – еліміздің жаңа дәуірге қадам басқанының дәлелі. Мұнда әрбір азаматтың мүддесі ескерілген. Ендігі кезек – референдумда барымызды салып, осы құжатты қолдау», – деді коалиция мүшесі Разақов Ибрагим. 

Ұжым қызметкерлері көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, түсінікті әрі нақты жауаптар алды. Кездесу соңында олар референдумға белсене қатысып, ел тағдырына бейжай қарамайтындарын білдірді.

Другие новости

В Правительстве рассмотрели вопросы безопасности детей в период летнего отдыха

В Правительстве рассмотрели вопросы безопасности детей в период летнего отдыха

Под председательством заместителя Премьер-министра...

  19.07.2026   127
Служить государству по закону

Служить государству по закону

Новая Конституция закрепляет равное право граждан...

  18.07.2026   199
Предприниматель под защитой закона

Предприниматель под защитой закона

Новая Конституция гарантирует свободу предпринимат...

  18.07.2026   170
Особый режим для роста

Особый режим для роста

Новая Конституция предусматривает возможность уста...

  18.07.2026   187
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.