Среда, 25 Февраля 2026

Коалиция мүшелері Жайсан тұрғындарымен кездесті

Коалиция мүшелері Жайсан тұрғындарымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Жамбыл ауданындағы Жайсан жұртшылығымен кездесу өткізді.

Кездесуде жаңа Конституция жобасындағы меншік пен табиғи ресурстарға қатысты нормалар талқыланды. Атап айтқанда, 8-баптың 3-тармағына сәйкес жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, өзге де табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені атап өтілді.

Коалиция мүшесі Армандос Абилов бұл норманың маңызын кеңінен түсіндірді.

«Жер – бұл жай экономикалық ресурс емес, ұлттық байлық. Жаңа редакцияда табиғи ресурстардың халыққа тиесілі екені нақты бекітіледі. Бұл – стратегиялық маңызы бар норма. Ол жер мен байлықтың ел мүддесіне қызмет етуін конституциялық деңгейде айқындайды. Ауыл тұрғындары үшін бұл – жер қатынастарының құқықтық негізінің айқын әрі әділетті болуына кепілдік», – деді ол.

Тұрғындар кездесуге белсенді қатысып, өз ұсыныстарын білдірді.

Другие новости

Голос каждого имеет значение

Голос каждого имеет значение

В преддверии республиканского референдума, назначе...

  25.02.2026   32
Открыты два сельских медцентра

Открыты два сельских медцентра

В Карасайском районе состоялось открытие сразу дву...

  25.02.2026   29
Вода как стратегический ресурс

Вода как стратегический ресурс

Состоялось заседание очередной, XLVI сессии Алмати...

  25.02.2026   35
Курсом на качественное обновление

Курсом на качественное обновление

В селе Отеген батыр Илийского района члены Общенац...

  25.02.2026   31
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.