Пятница, 09 Октября 2026

Ата Заң – ел бірлігі мен тұрақтылығының берік кепілі!

Ата Заң – ел бірлігі мен тұрақтылығының берік кепілі!

Ақсақалдар кеңесінің төрағасы ретінде айтарым, ұсынылып отырған Қазақстан Республикасының Конституциясы – елдігімізді бекемдейтін, бірлігімізді нығайтатын, болашаққа сенімді бағыт беретін маңызды құжат. Бұл Ата Заңда мемлекеттің унитарлы сипаты, аумақтық тұтастығы мен Тәуелсіздігінің өзгермейтіні нақты бекітілген. Ең бастысы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде айқындалған.
Құжатта Әділетті Қазақстан идеясы, заң мен тәртіп үстемдігі, этносаралық және конфессияаралық татулық, тарихи-мәдени мұраны сақтау, табиғатты аялау сияқты ұлттық болмысымызға сай құндылықтар көрініс тапқан. Бұл – ата-бабамыз аманаттаған жер мен елге деген жауапкершіліктің жалғасы.
Біз, аға буын өкілдері, ел бірлігі мен тұрақтылығын бәрінен жоғары қоямыз. Сондықтан әр азамат Конституцияны құрметтеп, оның талаптарын орындауды өзінің азаматтық парызы деп білуі тиіс деп есептеймін. Бірлігіміз бекем болса, мемлекетіміздің болашағы да баянды болады.

Алатау қаласының «Ақсақалдар кеңесі» ҚБ-нің төрағасы 
Юсупов Асқар Махмудович

Другие новости

Право на чистый берег

Право на чистый берег

Стихийная свалка в овраге, грузовики, которые прие...

  09.10.2026   50
На шаг впереди преступления

На шаг впереди преступления

В Алматинской области усиливается работа по предуп...

  09.10.2026   92
Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысының Іле ауданында жылына 400 тонна ба...

  08.10.2026   147
В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Илийском районе Алматинской области запущено пре...

  08.10.2026   162
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.