Среда, 25 Февраля 2026

Коалиция мүшелері №13 орта мектеп ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері №13 орта мектеп ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Талғар ауданындағы №13 орта мектеп  педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа редакцияда Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені нақты әрі айқын бекітілетінін атап өтті. Азаматтардың заңда белгіленген тәртіппен ақы алынбай медициналық көмек алуға құқығы сақталатыны, әлеуметтік міндеттемелердің конституциялық деңгейде нақтыланатыны түсіндірілді.

«Жаңа Конституция әлеуметтік кепілдіктерді қысқартуға емес, оларды нақты әрі құқықтық тұрғыдан айқындауға бағытталған. Әлеуметтік мемлекет қағидаты – декларация емес, бюджет пен заңнамалық міндеттемелер арқылы қамтамасыз етілетін нақты норма. Бұл – азаматтардың денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы құқықтарының сақталуының құқықтық кепілі», – деді коалиция мүшесі Джапаров Талғат.

Ұжым өкілдері жаңа Конституция жобасының мазмұнына қатысты пікір білдіріп, референдумға қатысуға ниетті екендерін жеткізді.

Другие новости

Голос каждого имеет значение

Голос каждого имеет значение

В преддверии республиканского референдума, назначе...

  25.02.2026   35
Открыты два сельских медцентра

Открыты два сельских медцентра

В Карасайском районе состоялось открытие сразу дву...

  25.02.2026   33
Вода как стратегический ресурс

Вода как стратегический ресурс

Состоялось заседание очередной, XLVI сессии Алмати...

  25.02.2026   39
Курсом на качественное обновление

Курсом на качественное обновление

В селе Отеген батыр Илийского района члены Общенац...

  25.02.2026   33
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.