Среда, 25 Февраля 2026

АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНДА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНДА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы Облыстық балалар клиникалық ауруханада «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» халықтық коалиция мүшелерінің қатысуымен медицина қызметкерлерімен кездесу өтті.
Делегация құрамында ҚР Парламенті Сенатының депутатты Сұлтан  Дүйсембинов  және коалиция мүшелері болды.
Кездесу барысында медицина саласының мамандарына жаңа редакциядағы Ата заң жобасының негізгі бағыттары түсіндірілді. Спикерлер Конституциялық реформаның қоғамдағы өзгерістерге жауап ретінде қабылданып отырғанын атап өтті. Әсіресе адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін күшейту және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету мәселелері кеңінен қозғалды.
Сұлтан Дуйсембинов өз сөзінде Конституцияны жаңарту – уақыт талабынан туындаған қадам екенін жеткізді.
– Бұрынғы Конституция өз кезеңінде елдің тұрақтылығын қамтамасыз етті. Алайда бүгінгі қоғамның сұранысы басқа. Жаңа құжат мемлекет пен азамат арасындағы жауапкершілікті нақты айқындап, құқықтық мемлекетті одан әрі нығайтуға бағытталған, – деді сенатор.

Тлеукен Копбаева референдумның маңыздылығына тоқталып, халықтың шешім қабылдау процесіне тікелей қатысуы демократиялық дамудың басты көрсеткіші екенін айтты.

– Жаңа Конституцияда азаматтардың әлеуметтік кепілдіктері мен құқықтары айқын көрініс тапқан. Бұл – әділетті қоғам құру жолындағы нақты қадам. Референдумға қатысу – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін білдіреді, – деді ол.

Айдар Абдрахманов жаңа жобаның заманауи талаптарға сай әзірленгенін атап өтті. Оның айтуынша, цифрландыру дәуірінде жеке деректерді қорғау, ақпараттық қауіпсіздік мәселелері Конституциялық деңгейде бекітілуі аса маңызды.

Кездесу барысында дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері денсаулық сақтау саласына қатысты нормалар, әлеуметтік кепілдіктер және құқықтық қорғаныс мәселелері жөнінде сауалдарын қойып, нақты жауап алды.

Жиын соңында делегация мүшелері медицина қызметкерлерін 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдумға белсенді қатысуға шақырды. Қатысушылар ел болашағына қатысты маңызды шешімге жауапкершілікпен қарайтындарын білдірді.

Другие новости

Голос каждого имеет значение

Голос каждого имеет значение

В преддверии республиканского референдума, назначе...

  25.02.2026   39
Открыты два сельских медцентра

Открыты два сельских медцентра

В Карасайском районе состоялось открытие сразу дву...

  25.02.2026   36
Вода как стратегический ресурс

Вода как стратегический ресурс

Состоялось заседание очередной, XLVI сессии Алмати...

  25.02.2026   42
Курсом на качественное обновление

Курсом на качественное обновление

В селе Отеген батыр Илийского района члены Общенац...

  25.02.2026   36
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.