Пятница, 09 Октября 2026

АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Алатау қаласының әкімі Аркен Хамитұлы Өтенов белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес  «AMANAT» партиясы  Іле  аудандық  филиалының  мәжіліс  залында тұрғындарға қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға қала басшысымен қатар дербес бөлім басшылары мен тиісті сала мамандары қатысты. Атап айтқанда, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым, жер қатынастары және басқа да бағыттар бойынша сұрақтар қойылды.
Айтылған өтініштер мен ұсыныстар бойынша заң аясында кеңестер беріліп, мәселені шешу жолдары талқыланды. Тұрғын үй алу және оның кезегі заңға сәйкес жылжып, кезегімен берілетіні түсіндірілді. Жұмысқа орналасу үшін Алатау қалалық «Мансап» орталығының кіші ақпараттық жүйесіне жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, жұмыссыздық мәртебесін алғаннан соң бос жұмыс орындарына жолдануға мүмкіндік бар екендігі айтылды.
Сонымен қатар, қабылдау барысында Аркен Хамитұлы жауапты сала мамандарына арнайы тапсырмалар беріп, тұрғындардың өтініштерін заң аясында қанағаттандыруды тапсырды.
Қабылдау қорытындысы бойынша салалық басқармалар мен жауапты лауазымды тұлғаларға әрбір өтінішті жан-жақты зерделеу жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Өтініштердің орындалуы қала әкімі тарапынан бақылауға алынды.
Барлық өтініш пен көтерілген мәселе заң талаптарына сәйкес қарастырылады.

Другие новости

Политическая ответственность после выборов

Политическая ответственность после выборов

Новая Конституция связывает депутатский мандат с п...

  09.10.2026   86
Курултай и личная ответственность

Курултай и личная ответственность

Депутаты Курултая по новой Конституции приносят пр...

  09.10.2026   85
Мандат требует участия

Мандат требует участия

Конституция закрепляет личное голосование депутата...

  09.10.2026   88
Государство начинается с закона

Государство начинается с закона

С 1 июля Казахстан живет по новой Конституции. В е...

  09.10.2026   77
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.