Четверг, 30 Апреля 2026

ІЛЕ АУДАНЫНДА БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ҚОЛДАДЫ

ІЛЕ АУДАНЫНДА БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ  ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ҚОЛДАДЫ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» халықтық коалициясының мүшесі, ҚР Парламенті Сенатының депутатты Жанболат Жөргенбаев Өтеген батыр ауылындағы М. Мақатаев атындағы №13 орта мектебінде өткен кездесуде осылай деді. Жиынның мақсаты – Ата заңның жаңа жобасымен таныстырып, референдумның маңызын түсіндіру болды. 
Кездесу барысында Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев сөз алып, әңгімені уақыт талабы жайынан бастады.

– Қазіргі Конституция өз кезеңінде тарихи миссиясын атқарды. Бірақ қоғам өзгерді, сана жаңарды, жаңа құқықтық қатынастар пайда болды. Сол өзгерістерді заң деңгейінде бекіту қажет. Сондықтан жаңа жоба – қажеттіліктен туған құжат, – деді ол.

Сенатор жаңа редакцияда адам құқықтары мен бостандықтарына айрықша басымдық берілгенін атап өтті. Әсіресе дамыған елдер тәжірибесінде қолданылып жүрген «Миранда ережесінің» енгізілуі азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейтетін маңызды тетік екенін айтты.

Талқылауға қосылған коалиция мүшесі Қуат Байғоджаев тақырыпты заманауи фактормен байланыстырды.

– Бұдан 30 жыл бұрын бүгінгідей цифрлық кеңістік болған жоқ. Қазір әр азаматтың электронды деректері бар. Ақпараттық қауіпсіздік – күн тәртібіндегі мәселе. Жаңа Конституция осы өзгерістерді ескеріп, жеке деректерді қорғауды негізгі заң деңгейінде қарастырып отыр, – деді ол.
Залда отырған ұстаздар тек тыңдаушы болып қалған жоқ. Білім саласына қатысты нормалар, әлеуметтік кепілдіктер, құқықтық қорғаныс мәселелері жөнінде нақты сұрақтар қойылып, ашық пікір алмасу өтті.

Кездесу соңында спикерлер 15 наурызда өтетін референдум – әр азаматтың ел болашағына қатысты ұстанымын білдіретін сәт екенін атап өтті. Ұстаздар саяси науқанда белсенді түрде референдумға қатысып, өз таңдауын жасайтындарын жеткізді.

Другие новости

Реализация производственных и соцпроектов

Реализация производственных и соцпроектов

Первый заместитель акима Алматинской области Канат...

  30.04.2026   87
В Казахстане запустят крупнейший в Центральной Азии завод по глубокой переработке кукурузы

В Казахстане запустят крупнейший в Центральной Азии завод по глубокой переработке кукурузы

В Туркестанской области продолжается строительство...

  30.04.2026   154
Социальная поддержка в действии

Социальная поддержка в действии

В селе Караой Илийского района 11 семей из категор...

  30.04.2026   140
QOSTANAI TECH подтвердил статус Костанайской области как одного из лидеров цифровой трансформации страны

QOSTANAI TECH подтвердил статус Костанайской области как одного из лидеров цифровой трансформации страны

Костанай стал одной из ключевых точек технологичес...

  30.04.2026   178
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.