Пятница, 27 Февраля 2026

Коалиция өкілдері ҚазПошта ұжымымен кездесті

Коалиция өкілдері ҚазПошта ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Ұзынағаш ауылындағы Қазпошта еңбек ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасын талқылады.
Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның негізгі ерекшеліктері – адамды ең жоғары құндылық ретінде бекіту, әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, еңбек құқықтарын қорғау, цифрлық қауіпсіздік, дәстүрлі отбасы құндылықтарын нығайту мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ билік тармақтарының теңгерімі, бір палаталы Парламент құру, Вице-Президент институтын енгізу сияқты саяси жаңашылдықтар туралы айтып берді.
«Жаңа Конституция – еліміздің тұрақты дамуының берік негізі. Бұл – тек заңдар жинағы емес, біздің ортақ болашағымыздың айнасы», – деді коалиция мүшесі Зинаш Күштекова.
Жиналғандар өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Кездесу соңында ұжым атынан коалиция өкілдеріне алғыс білдіріліп, референдумға белсене қатысуға дайын екендіктері жеткізілді.
Коалиция ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.

Другие новости

«Бюллетень для голосования»

«Бюллетень для голосования»

15 марта 2026 года состоится республиканский рефер...

  27.02.2026   1
КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  27.02.2026   78
КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ «ШИН-ЛАЙН» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ «ШИН-ЛАЙН» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Іле ауданы Байсерке ауылдық округінде «Әділетті жә...

  27.02.2026   73
Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі

Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі

2026 жылы 26 ақпанда Алматы қаласы Ж.Жиембаев атын...

  27.02.2026   77
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.