Воскресенье, 11 Октября 2026

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ №10 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ №10 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Талғар ауданындағы №10 орта мектеп педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын талқылады. 
Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа редакцияда Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені нақты әрі айқын бекітілетінін атап өтті. Азаматтардың заңда белгіленген тәртіппен ақы алынбай медициналық көмек алуға құқығы сақталатыны, әлеуметтік міндеттемелердің конституциялық деңгейде нақтыланатыны түсіндірілді.
«Жаңа Конституция әлеуметтік кепілдіктерді қысқартуға емес, оларды нақты әрі құқықтық тұрғыдан айқындауға бағытталған. Әлеуметтік мемлекет қағидаты – декларация емес, бюджет пен заңнамалық міндеттемелер арқылы қамтамасыз етілетін нақты норма. Бұл – азаматтардың денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы құқықтарының сақталуының құқықтық кепілі», – деді коалиция мүшесі Асел Төлепбергенова. 
Ұжым өкілдері жаңа Конституция жобасының мазмұнына қатысты пікір білдіріп, референдумға қатысуға ниетті екендерін жеткізді.

Другие новости

Казахстан вошёл в топ-35 наиболее влиятельных государств мира

Казахстан вошёл в топ-35 наиболее влиятельных государств мира

Казахстан занял 34-е место среди 100 государств в...

  10.10.2026   127
Мандат требует участия

Мандат требует участия

Конституция закрепляет личное голосование депутата...

  10.10.2026   137
Политическая ответственность после выборов

Политическая ответственность после выборов

Новая Конституция связывает депутатский мандат с п...

  10.10.2026   130
Личная территория в цифровом мире

Личная территория в цифровом мире

Приведем в пример одну очень показательную статист...

  10.10.2026   149
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.