Пятница, 27 Февраля 2026

Сұраншы батыр ауылында цифрлық құқықтар мәселесі талқыланды

Сұраншы батыр ауылында цифрлық құқықтар мәселесі талқыланды

Жамбыл ауданындағы Сұраншы батыр ауылының тұрғындарымен өткен кездесуде жаңа Конституция жобасындағы 21-бап нормаларына ерекше назар аударылды.

Коалиция мүшелері жеке өмірге қол сұғылмау, жеке және отбасы құпиясының қорғалуы, сондай-ақ цифрлық технологияларды қолдануды қоса алғанда, дербес деректерді заңсыз жинаудан және пайдаланудан қорғау құқығы конституциялық деңгейде бекітілетінін түсіндірді.

Коалиция мүшесі Сәуле Әлімқұлова бұл өзгерістің заманауи маңызын атап өтті.

«Бүгінде әр азаматтың деректері цифрлық ортада сақталады. Медициналық ақпарат, жеке сәйкестендіру деректері, банктік мәліметтер – мұның барлығы қорғалуы тиіс. Жаңа Конституция бұл құқықты нақты бекітіп отыр. Бұл – азаматтың жеке кеңістігіне қол сұқпаудың Негізгі заңмен кепілденуі», – деді ол.

Кездесу барысында тұрғындар цифрлық қауіпсіздікке қатысты сұрақтар қойды.

Другие новости

«Бюллетень для голосования»

«Бюллетень для голосования»

15 марта 2026 года состоится республиканский рефер...

  27.02.2026   2
КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  27.02.2026   78
КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ «ШИН-ЛАЙН» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ «ШИН-ЛАЙН» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Іле ауданы Байсерке ауылдық округінде «Әділетті жә...

  27.02.2026   73
Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі

Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі

2026 жылы 26 ақпанда Алматы қаласы Ж.Жиембаев атын...

  27.02.2026   78
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.