Пятница, 27 Февраля 2026

Биік белестерге бастар жол: Зияткерлік мектепте тағылымды кездесу

Биік белестерге бастар жол: Зияткерлік мектепте  тағылымды кездесу

Алматы–Наурызбай Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақстанның танымал альпинисі, ұлттық альпинизм құрамасының капитаны, әлемнің барлық 14 сегізмыңдық шыңын бағындырған Мақсұт Жұмаевпен тағылымды кездесу өтті. Ерлік пен өрліктің символына айналған тұлғамен жүздесу оқушылар үшін үлкен мотивация мен рухани серпін сыйлады. 
Қонақ альпинистік Олимпке апарған қиын да жауапты жолы туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Ол 2007 жылы Эверест шыңына алғаш рет көтерілу сәтін, сондай-ақ әлемдегі ең қауіпті шыңдардың бірі саналатын К2 (Чогори) шыңын бағындыру  барысындағы күрделі кезеңдерді еске алды. «Ажал шыңы» атанған К2-де әрбір қадам – тәуекел, әрбір шешім – өмір мен өлім арасындағы таңдау екенін атап өтті. Мақсұт Сағынтайұлы альпинизмнің тек физикалық дайындық емес, ең алдымен мінез бен рухтың беріктігін талап ететінін айтты. Оның айтуынша, тау адамды тәртіпке, табандылыққа, жауапкершілікке үйретеді және алға қойған мақсаттан таймауға тәрбиелейді. Әсіресе, әлемнің барлық сегізмыңдық шыңдарын оттегісіз бағындыруы және жуырдағы Орисаба жанартауына жасаған сапары туралы әңгімесі оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Зияткерлер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, кәсіби спорт пен жеке мотивация жайында мазмұнды жауаптар алды. 
Кездесу барысында оқушылар қазақстандық альпинизм тарихы мен оның көрнекті өкілдері жөнінде де тың мәліметтерге қанықты. Іс-шара соңында ұйымдастырушы оқушылар Дүйсек Шахмардан, Қабдулрахим Тамерлан, Исмаил Әділбекұлы, Маханбеткәрімов Асылжан қонақты мектептегі жартасқа өрмелеу клубымен таныстырды. Тәжірибелі альпинист жас буынға ақыл-кеңесін айтып, биік белестерді бағындыруға жігер берді. Бұл мазмұнды кездесу зияткерлердің тау туризмі мен салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, армандарға батыл қадам жасаудың маңызын ұғындырды. Биік шыңдар   тек тауда емес, әр адамның өмір жолында да бар. Ал сол белестерді бағындыру – табандылық пен сенімнің нәтижесі.

Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Другие новости

Коалиция мүшелері Кемертоған ауылының Келешек мектебінің  ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері Кемертоған ауылының Келешек мектебінің ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  27.02.2026   7
Коалиция өкілдері Қаскелең қаласындағы

Коалиция өкілдері Қаскелең қаласындағы "Жайлы ортақ" мектібінің еңбек ұжымымен жүздесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  27.02.2026   3
«Бюллетень для голосования»

«Бюллетень для голосования»

15 марта 2026 года состоится республиканский рефер...

  27.02.2026   70
КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  27.02.2026   85
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.